Қазақ тойдан қашқан ба?
Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
1. Ең көп кететін шығын- той өтетін жердің арендасы. Бұл жерде рекорд көрші Ресей еліне тиесілі. Олар аренда(жалға алу) үшін орташа есеппен 10 мың $ дейін төлейді екен. Вьетнамдықтар орташа 2 мың $ дейін төлесе, Қытай заңы арендаға 500 $ артық төлеуге тиым салады екен.(Бізгеде әкелсе осы заңды)
2. Келесі кезектегі шығын-жас жұбайлардың киінуі. Көптеген қыздар күйеуге әдемі ақ той көйлегімен шыққысы келетіні белгілі жәйт. Осы жерде айтарымыз, Қытай арулары әдемі көйлек киюден рекорд иесі(2500$ дейін жұмсайды той көйлегі үшін). Екінші орынды, Белорустық қалыңдықтар алып отыр(1500$ дейін), біздің Қазақстан мен Ресей 1000$ жұмсаса, Словакия мен Вьетнам қыздары бұл жағынан ақшасын үнемдепті(бар жоғы 300$ дейін). Қытайлық күйеу жігіттерде қалыңдықтарынан қалысар емес, олар той костюмі үшін 2000$ дейін береді. Вьетнам күйеу жігітіне сәнді костюм үшін 200$ жеткілікт екен.
3. Ендігі кезекте қымбат ұсақ-түйектер, яғни той мәшинесі, музыкалық топ, қалыңдық гүлі т.с.с. Бұл жағынан рекордсмен Қазақ елі саналады. Біздің жас жұбайлар керемет сәнді лимузин мен хаммерлер үшін 1000$ беруге дайын. Қытайлықтар-850$, Вьетнам, Чехия, Белоруссия-100$ дейін болса, Ресей мемлекеті бұл үшін 200$ жетеді дейді. Барлық елде тойда тамада(асаба) мен музыкалық топ болады. Олар үшін Белорустар 3000$ берсе, біздің қазақ 1000$ дейін береді екен. Қалған елдер 400$ артық бермейді.
4. Той қонақтарын жақсылап ішіп-жегізуде кезекті шығынның түрі. Ең аз кететін шығын Вьетнам елінде, орташа есеппен 1 қонақ басына тойдағы мерекелік тамағы үшін 5$, ішімдік сусын үшін 25$ қажет. Ал, біздің Қазақ қонақтарын шын көңілмен(от души) тойдырады, 1 қонақ үшін орташа есеппен тамағы мен ішім-сусынына 200$ көп жұмсайды(қазақтың көңілі қандай кең екен дейсің да осындай кезде). Белорустар мен Орыстар 100$ асырмаса, қытайлықтар 90$ шамасында екен. Чехия мен Словакия астары үшін 20-25$, ішім-суларына 30-40$ шамасында жұмсайды.
5. Кезекті шығын Бал айы. Әдетте, жас жұбайлар бал айын шетелде өткізгісі келеді. Тек Вьетнамда ғана Бал айын мемлекет ішінде өткізеді(заң солай). Саяхатқа қажет орташа шығын сомасы Қазақстан мен Вьетнамда бірдей екен(1000$-дан 2500$ дейін). Ресейліктер мен Словактар саяхат үшін 5000$ дейін төлеуге әзір. Ал, Қытайлық жас жұбайлардың жағдайы тым қиын екен, оларға той салтанаты үшін бар жоғы 10 күн беріледі. Содан соң жұмысыңа орылуың қажет.
6. Той-адам өміріндегі ең көп шығындалатын маңызды оқиға. Той шығынын кім көтеруі тиіс деген сұрақ әліде көптеген елде бар.Тек үйленетін жұптардың 29 пайызы ғана тойды өз ақшаларына жасай алады екен. Қалғандары, ата-анасының көмегңмен той жасайды. Той жасауға ең көп(керек десеңіз толығымен шығынды мойыына алатын) көмектесетін өзіміздің ҚАЗАҚтың ата-аналары екен. Қазақстан, Ресей, Вьетнам мен Белоруссияда банктен кредит(несие) алуға себепші де осы той болып саналады.
Не болса да, қанша шығын шығарсақ та елімізде той көп болсын ағайын
