Ескі архив · 02.07.2013 14:49

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл

Еспейді самал таңменен, Шалдыққан шартарабымда. … Жазира Жаңаарқамменен Қара орман Қарқаралымда. Мұң емес, — Мұқалмас қайғы, Ғасырлардың қауіпті өткелі. Жусаны жұпар шашпайды, Ақбөкен ауып кеткелі. Келгендей Арқаға құрдым, Тажалға лағнет мейлі — Жаңаарқа, Қарқаралының Базарда малы да өтпейді. Кигенде алаңсыз кепті, Қартым-ай, ретің сынар: «– Гептильді залалсыз депті, Өкімет білетін шығар… Қайтейін, асығыс бәрі, Жөн еді қашық ұшқаны. Ресейдің құламаса екен Зымыран тасығыштары». Арқам-ай, арқаға батты, Ауыл тұр шайқала… жүдеп. Құрдасым тартады арақты: — Уды у қайтарады, — деп... Ғалым Жайлыбай
Авторы:
burkitshi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту