Ескі архив · 04.07.2013 11:48

Орташа есеппен қазақ спорт комментаторы

Спорт комментаторларын жиі сынаймыз. Тіпті әр ойыннан кейін оларды сынау мәдениеті қалыптасып келе жатқан сияқты. Былай орташа есеппен қарап көрейікші спорт комментаторлары деген кімдер екенін. Олар: — журфак бітірген немесе журналистика саласында қызмет етеді; — қазақша орташа деңгейден жоғары, шамалы әдеби тілде сөйлей алады; — басқа спорт түрлерін пәлендей жақсы білмесе де футболдан хабары бар (бірақ бұл футболдың барлық ережелерін жақсы біледі деген сөз емес); — футболдан басқа спорттарды да жүргізе беруге икемді; — тікелей эфир кезінде «білә», «сука», «ептываймайт» сөздерін айтып қоймайтындай ұстамды; — "қателікке бой алдыру" сөзінің кем дегенде 1 баламасын біледі; Қысқаша қортындылайтын болсақ олардың қарапайым жанкүйерден айырмашылығы — ұстамдылығы, қазақша әдеби сөйлей алуы және фуболдан аздап түсінігі болуы. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Мұндайлар өте аз. Бәсекелестік жоқ болғандықтан спорт редакторлары амал жоқ кімнің қолы бос соны қояды эфирге. Сондықтан спорт комментаторларын боқтай бермей аздап аяп, мүсіркеп жүрген жөн ау? Ең болмаса бір мүгедекті аяғандай немесе ішетін адамды мүсіркегендей дәрежеде.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту