Ескі архив · 15.07.2013 18:38

"Бананауылда" болдыңыз ба?

Та-дааам! Өткенде ғана Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында өткен Жайдарманның «Жасыбай толқыны» жазғы кубогынан фотореп ұсынғым кеп отыр, мүмкін бірлік ұтып қалармын. Арнайы жазда демалыс ала алмай, жұмысында кәмпүйтір алдына жайғасқандар үшін. :p Ощм, аптобыспен бардық. Жол ұзақ, 10 сағатта жеткенше жү… ой, үрпиіп-үрпиіп шықтық. Мынау кетейін деп жатқанда түскен сюретіміз ғо. Мынау енді жеткеннен кейін :d Сол жердегі турбазаға орналастық. Адам көп, орын жетіспей біраз… Мына жерде мені тауып көріңіздерші, қане?)) Бірақ, керекшілер мені андай күйде көрген жоқ қо… ну, купальникпен дейм де :> Бір риза болғаным, Жайдарманшылардың көбісі ораза ұстапты. Күн қанша ыстық болса да, мынадай тамаша демалатын орында жүріп, оразаны бұзбады. Табиғаты керемет! Ауа райы да іш пыстырмайды: желі бұлттарды қуып әкеп, төктіре салады… жауынды. Ленин. Бұ кісі — Жайдарманның редакторы, Рүстем деген бала. Жо-жоқ, мен өзімді емес, бар болғаны «столовыйды» көрсеткім кеп отыр :p Асханасы бала күндегі лагерьлерді еске салды. Настальджи :x Таммаша, әдемі табиғаттан ауыз тие отырыңыздар ;@ Ойын өткен сахна ғой. Мәәә, тура ойын алдында жел тұрып, құдай-ау, бәрін ұшырса бола ма?! Болмайды, иә?)) Кешірерсіздер. Аа райы бұзылғасын жағажайдағы адамдар фытырлап қайтып жатқан кез. Анооооу жақтан көрінетін шығар :) Демеушіміз Болашақ командасы ғой. Жәндеріііім, дайындалып жатыр. Жел примерно осындай болды Ғламурный жігіттер ғо. Назар аудар командасы. Күшті фото. Маған найт Ойын қызық өтті. Қостанай құрамасы КВН Одағының президенті — Есен Елеукеннің арнайы кубогына ие болды. Екінші орын Назар Аударға кетті. Үшінші орын алған «Тереңөзек» командасын белгілі себепптермен суретке түсірмедім :d Бірінші орын — Күлтегін командасында. <:-p Альянс Семей командасының биіне үнемі сынам ғо. Моментті ұстап алдым :-@d Былтырғы «Жасыбай толқыны» жазғы кубогын жеңіп алған Демеушіміз Болашақ командасы мастер-класс өткізіп қайтты. «Мен, мен» деген он үш команда қатысқан ойын күшшштііі өтті. Шетелге ұмтылмай-ақ, «Бананауылда» демалып қайтуды ұсынамын. Ұялы байланыс пен интернет жоқ демесеңіз, шетелден кем емес. ;g Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет!
Авторы:
aikarakoz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту