Ескі архив · 15.07.2013 23:26

Мәзір: Маффин

Маффин — дөңгеленген томпақ әрі алақанға сыйып кететін тәтті кекс түрі. Маффиннің негізгі 2 түрі бар: ағылшын және американ. Ағылшын түрі ашыған қамырдан дайындалса, американ түріне қопсытқыш не ас содасын қосып дайындайды. Менің нұсқамдағысы — американ маффині, тез әрі оңай мәзір. Әдеттегідей… 1. Тазалық! 2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде! 3. Мәзір құрамы: • 1 құты қойылтылған сүт; • 2 дана жұмыртқа; • 1 шай қасық қопсытқыш; • 2-2,5 шай қасық мак; • ванилин, какао; • 5-6 ас қасық ұн; • даршын және қант ұнтағы. 4. Дайындалуы: Аталған заттарды үлкен ыдысқа ретімен салып, жақсылап араластырамыз. Арнайы формаға жартылай құйып, ыстық пеште 180 градус температурада 20-25 минуттай пісіреміз. Пісу уақытында пешті ашпаған дұрыс. Маффин піскен соң, таза матаға аударып суытады және үстіне қант ұнтағы мен даршын себеді. Маффин дайын, ас болсын! П.С. Дәл осы құраммен тек формасын өзгертіп пирог әзірлеуге де болады. Маффиндердің арасына түрлі құрғақ жемістерді турап не джем, тосап қосса тіпті әрлене түседі. П.С.С. Аптаның үздіктерінен тыс жазба. Керектің «Аспаздық» блогы үшін
Авторы:
AKA

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту