Ескі архив · 15.07.2013 15:07

Темекіні қалай тастаймын?

Уа осмалылар, жөйіттер Аспаннан келген ақиқатты басқа жұртшылықпен бөліспеуі себепті жеккөрінішті халық дейді. Ендеше, Сіздердің, в частности — dark_nazgul дың қарғыстарыңызға қалмай, соңғы он бес күн бойы жасақтап жүрген — темекі тастаудың жаңа әдісімен бөлісуді жүн көріп отырмын. Лібә, «арықтау үшін дым диетаға отырмайсың!» деген сияқты арзанқол уәде бере алмаймын, шынын айтқанда, көтің терлеп, мұрның ағатын әдіс. Сонымен. • Кез келген қолыңыздан ашулы әрі тентек… түйеқұс жасап, өзіңізге көрсетіңіз. • Әдетке айналдырыңыз. Темекі шеккің келген кезде қолыңызды қақшита қалыңыз да, «түйеқұстың тұмсығымен» кеудеңізді нұқып-нұқып жіберіп, «Шекпе, шекпе дейм! Шексең — біз сені тауып аламыз!» деп, өзіңізге бақырыңыз. • Қолыңыздан жасап алған «түйеқұспен» ара-тұра қалталарыңызды тінтіп, тауып алған темекі, шырпы/оттықтарыңызды «тұмсығымен» алып, қоқыс шелегіне лақтырып тастап тұрыңыз. Тексеру кезінде қалтаңыздан темекі не оған байланысты дүниелер табылса, «түйеқұспен» өз шекеңді нұқып қалуды әдетке айналдырыңыз. • Шамамен екі аптадан соң әдет-ауру сияқты әбден меңдейді. Жұмыстағылардың көзінше идиот болып көрінбеу үшін, темекі туралы ойлауға да қорқатын боласың. Лібә, өзіңді — өз қолыңмен алысып жатқаныңды көрген әріптестеріңнің түрін елестетіп, көтті, кешірерсіздер — өкпені қысып отыратын боласыздар. Күнде 1-1,5 қорап темекі шегуші едім. Қазірде 15 данаға дейін азайттым. Ескерту! Әдіс ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігімен бектілімеген, өз тәуекеліңізге қарай пайдаланасыз.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту