Ескі архив · 16.07.2013 15:47

Интимдік бизнестің қарқынын азайтатын бап

Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға бергендер заңмен жауапқа тартылатын болады Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Кодекске жаңа бап енгізілді. Ішкі істер министрлігі бүгін салынатын айыппұл көлемін жария етті. Атап айтқанда, жезөкшелерге жалға пәтер берген жеке тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалар 200, ал шағын және орта бизнес өкілдері 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады. НАРИМАН ҚҰЛДЫҚОВ, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: -Заңға өзгеріс енгізудегі мақсат адам саудасымен күрес саласындағы заңнаманы қатаңдату. Бұл заң бойынша 4 Кодекс толықытырылды. Қайыршылықпен және жезкөшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер және түнгі көбелектерге пәтер жалға бергендер жазаланатын болады. Полицейлер осы күнге дейін пәтер жалға берушілердің бұл ісіне араласа алмайтын. «Жаңа өзгеріске байланысты интимдік бизнестің қарқынын азайтуға мүмкіндік туды», — деп хабарлайды baq.kz мұнда айтпақшы, 1-қаңтардан бастап бір айлық есептік көрсеткіштің көлемі 1731 теңгеге тең болып белгіленген.
Авторы:
zholantai

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту