Ескі архив · 19.07.2013 01:08

PayPal электронды төлем жүйесі туралы

PayPal төлем жүйесінің клиенттерді қорғау жағы өте мықты, жан-жақты. 90% жағдайда клиент қашанда дұрыс деген оймен, талабыңызды қанағаттандырады. Мысалы: Интернеттен алдыртқан затыңыз сапасыз, бұзық болып келді ма, дереу PayPal-ға арыз тастасаңыз, сапасыз заттың суретін, видеосын салып, тіпті жай ғана толық түсіндіріп дәлелдесеңіз-ақ ақшаңызды қайтарып береді. Немесе тапсырысыңыз бірнеше апталап әлі жолда келе жатырса, келуге тиіс уақытынан кешігіп жатса, тағы да арызданып, ақшаңызды қайтарып ала аласыз. Бір сөзбен, PayPal-мен ғаламтордан қорықпай, сенімді түрде тапсырыс бере беруге болады. Ғаламтордағы қолданушылардың пікірлерінен оқығандарым да осыны дәлелдей түседі.
Авторы:
Nodar

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту