Теміржол билетін онлайн алудың артықшылықтары
Теміржолға билетті epay.railways.kz/ktz3/proc?pa=clients сілтеме арқылы онлайн түрде сатып ала аласыз. Әуелі әрине тіркелуіңіз керек. Барлығы тегін. Артықшылықтары:
1. Комиссия ұсталмайды
Билеттің тек таза құнын төлейсіз. Яғни үйдің қасындағы теміржол билетін сататын кассасы ұстап жүрген 500 теңге өз қалтаңызда қалады.
2. Билетті қайта тапсырар болсаңыз, ешқандай шығындалмайсыз.
Қандай бір себептермен билетті қайта тапсыру керек болса, билеттің толық құны карточкаңызға қайтадан түсе қояды.
3. Билетті кезексіз алу
4. Орын, вагон таңдау мүмкіндігі.
Ең үлкен артықшылығы да осы. Экранға өзіңіз таңдаған вагондағы бос орындар схема-сурет түрінде шығады. Содан сіз асықпай отырып жайлысын таңдайсыз. Сол немесе оң жақ, жоғары немесе астыңғы орын, туалеттен алысырағы және т.б.
5. Өзгелерге де билет алу мүмкіндігі.
Достарыңыз бен ағайындарыңызға тек жеке куәліктерінің номері арқылы билет ала бересіз. Яғни мысалы ауылда жүрген ағайыныңыз үшін үйде отырып-ақ билетін алып қоясыз.
6. Маршрут таңдау.
Яғни сіз мысалы Алматыдан Ақтөбеге билет іздесеңіз сол бағытта жүретін поездардың тізімі шыға келеді. Тек тізімі емес, әр поездың жолға кететін уақыты, жүретін күндері, тіпті жол бойында тоқтайтын барлық станцияларын көре аласыз.
Көбіне билет алғанда кассадағы қыздардың мезін шығарып боламыз, содан сәл қысыламыз да. Олардың міндеттері болса да, сұрайтын сұрақтарымыз көп болады: уақыты, жүру маршруты, орындар және т.б. Сосын құрысыншы деп тек тез алуды ойлап, бос билет бар болғанына қуанып ала саламыз. Онлайн билет алатын болсаңыз, өз таңдауыңыз бен комфортыңызды қанағаттандыра аласыз.
