Kotak
Каришма Котак – Англияда үнді отбасында дүниеге келген танымал актриса, модель. 30 жаста. Көптеген киноларға түскен. Көптеген теле-бағдарламалардың жүргізушісі. Ресми сайты: www.karishmakotak.com/
Kotak – индонезиялық рок группа. Топтың орындап жүрген музыкасы заманауи рок жанрына жатады. Кәсіби сахнаға 2004-жылы Dream Band дарындылар сайысында жеңіске жетуі арқылы келген. 2005-жылы Kotak атты бірінші альбомы жарықа шығады. Одан бөлек бүгінге дейін 4 альбомы жарық көрген. Ресми сайты: www.kotakrockband.com/
Удай Котак – үндістандық бизнесмен, миллиардер. 1959-жылы Үндістанда дүниеге келге. Белгілі Kotak Mahindra қаржы компаниясының негізін қалаушысы және төрағасы. Форбс журналының мәліметінше Удай Котак әлемдегі ықпалды адамдар қатарына кіреді. Оның дүниесі 2,2 миллиард АҚШ долларын құрайды.
KotakBank-тің ресми сайты: www.kotak.com
Хосроу III Котак – Армения патшасы. Туған жылы белгісіз. Таққа 330-жылы отырады. 339-жылға дейін билік етеді, өмір сүреді. Аршакидтер династиясының өкілі. Бойының қысқалығына байланысты халық оны «Котак» деген лақап атпен атап кеткен екен. Хосроу ІІІ таққа отырған соң оған дейін патшаға бағынбай келген армян дворяндарын өзіне бағындырады. Сол кезде өзінің қатыгездігімен танымал болған көрінеді. Двин қаласының іргесін қалаушы. Ол қала кейінірек Армения астанасы болады. Елдің біраз бөлігін 330-жылы жаулап алған маскуттарды Хосроу ІІІ өз әскерімен елден қуып шығады. Хосроу ІІІ патшаның билігі тұсында ел экономикасы біршама жетістіктерге жеткен.
339-жылы Персияның билігіндегі Сасанидтер Мтсбин келісім-шартын бұзу арқылы Рим империясымен одақтас елдерге (солардың ішінде Арменияға да) шабуыл жасайды. Осы соғыста Хосроу ІІІ Котак патша көз жұмып, билік оның ұлы Тиранға өтеді.
