Қыз алып қашу. Тіс пастасы және мен
Кеше жігіттермен отырып есіме түсіп кетті…
4-5 жыл бұрын жолдас балам үйленемін деді. Басында кәдімгідей құда түсіп аламын 1-айдан соң деп отырған. Бізге қызық керек, «алыпқаш та алыпқаш»-қа бастық. Көндірдік те. Кәдімгідей-ақ, жоспар құрдық отырып алып. Жоспар бойынша әлгі қызды киноға шақыратын болды. Шақырды. Жол жиегіне шығып такси ұстады. Дайын тұрған біз машинамен жетіп бардық, олар артта отырған. Киноға дейін әлі біршама уақыт, досым қызына «Оған дейін үйге кіріп шығайын, киімімді ауыстырып алайын»,-деді. Бізбен (таксисттермен) бағасын келісуді де ұмытпады. Үйім сол жақта деп қаланың шет жағындағы районды айтты. Қаладан шыға берісте бізді 2-машинамен басқа балдар күтіп алды да, біздің машина тоқтай қалып, үйленгелі жатқан досым есіктен атып шығып, басқа екі досым қыздың екі жағынан кіріп отырып алды. Қыздың көзі төртбұрыш. 3-машинаға жайғасқан біз Қазығұрт қайдасың деп тартып отырдық. Әрине қыз артта отырып айқайлап жатыр, шыңғырып жатыр. «Кімсіңдер? Қайдансыңдар?»-ға басып (үйленгелі жатқан досым айтқан «Мен жанында отыра алмаймын, басқа екеуің отырыңдар» деп). Анау екеуі түсіндіріп жатыр. «Алып қашып барамыз, басқаға емес, өз жігітіңе тиесің»-деп, Жарты жолға жеткенде, басылды ауу әйтеуір…
Ауыл сыртына жеткенде, машинаның үшеуіне де ГАИ-лерде болатын мигалкаларды қосып алдық та, улап-шулап ауылды басымызға төңкеріп кіріп бардық. Жәй кірген жоқпыз, үш рет айналдық ауылды, сонан соң ғана үйіне бардық. Үйіндегі туысқандары мәйкішең, түрсишең шықты (біз барғанда 12-лерге тақаған уақыт). Үйленгелі жүрген досым шығып күбір-күбір сөйлесіп алды 10 минуттай. Сөйтсек есерсоқ досымыз айтпапты алып баратынын. Ал туыстары оны 1-айдан кейін алып келеді деп ойлаған. 30 минуттай машинада отыруға тура келді. Біз сыртта сыралатып тұрдық, қыз машинаны ішінен жауып алған. Бір кездеее барып апалар келді ақ орамалдарын алып. Қыздың бағанағысы ойыншық екен, концертті енді көрсетті. Машинаның артқы терезесін аяғымен теуіп сындырып тастады. Апалардың бастарындағы орамалдар аспанға ұшып жатыр. Мына есігінен келсең тістейді, мына есігінен келсең тебеді… Бір кезде алпамсадай досымыз бар-тын. Сол кірді де құшақтап алып жұлқып-жұлқып шығарды. Есікке кіріп бара жатып та талай нәрсені қиратып кетті қызың. Біз тұрмыз, «алып келіп бердік, қалғаны өздеріңнің шаруаларың» деп. Түкпіргі бөлмеге отырғызып болып шықты туыстары. Бұл кезде жаңағы досымның кластастары да келіп үлгерді. 10 шақты жігіт, бәрі бойдақ. Төргі бөлмеге дастархан жайды, ішімдік дегенді сандыққа салып сақтап қойған баа, алып келіп жатыр, алып келіп жатыр…
Түнек…
Ұйқымнан бір кішкентай баланың түрткенінен ояндым… «Аға, сізге апамдар киініп алсын деп айтып жатыр»,-деді. Көзімді ашқым келеді, жабысып қалған ашылмайды. Тырналап жүріп әрең аштым. Қарасам… жалаңаш жатырмын… Үстімнің бәрі тіс пастасы… Ол япты қатып қалып тырыстырып тастайды екен ғой денені… Жылдам киініп алдым да жанымда жатқан балдарды тепкілеп жатырмын… Сөйтсем оқиға былай болыпты…
Мен қатты мас болғам. Әлгінің екі кластасын қолтықтап отырып ұйықтап қалғам. Әлгі қызды көтеріп кіргізетін алпамсоқ мені көтеріп алып барып төсекке жатқызады. Мен жатпайтын көрінем… Анау мен тұрып кете берген соң үстіме жатып алады екен. Оған мен «Тұр япты, шешең, айқайлаймын қазір әйтпесе» дейді екем Сонымен не керек, жарты сағат әуре болып ұйықтатыпты мені. Сол кезде іштегі балдар да жатайық деп шығып келе жатыр екен. Сонымен бәрі ішіп алған, қызық керек, ұйықтап жатқан мені шешіндіріп бүкіл жеріме тіс пастасын жағып тастапты да киіндіруді ұмытып кетіп өздері ұйықтап қалыпты.
Ал үйіне келін түскен үй белгілі ғой… Таң атпай бәрі оянады да верандада тырдай жалаңаш жатқан (зубная пастаны не деп ойлағанын құдай білсін) мені көреді. Ары өтеді, бері өтеді… Сөйтіп кішкентай баланы жіберіп оятыпты… Бұлақ басына барып жуынып алдым да, беташарына да қатысқам жоқ, машинада отырдым қайтқанша… Бет жоқ…
Осындай қызықтар өткен жастық шақта Әлгі қыз қалды әлгі үйде. Қазір екі баласы бар. Ел қатарлы тұрып жатыр…
