Анталия көшелері
Біз де Анталияда болып қайттық. Түркияда, онда ғана емес, шетелде алғаш болғандықтан көп нәрсе таңсық көрінді, ұнағаны да, ұнамаған жәйттер де бар.
Ұнағаны теңіз, теңіздің түсі:
Қаланың ескі бөлігіндегі тар, әрі қиылыстары көп көшелері, бірақ ол жерді мекен ету қазаққа қиын болар деген ой да келді)))
Теңізбен құрлық түйісетін жиектің көркемдігі:
Төмендегі суретте яхта, катерлер, қайқтарға арналған айлақ
Тағы бір ұнағаны-көшелердегі сатылмға ашық қойылған ескі заттар:
Қала көшелерінде өз орнын тапқан мүсіндер:
Көңіл көтерген, езу тартқызған суреттер:
Тағы да ұнағаны, түріктерден жол сұрасаң, мүмкіндігінше, тілі жеткенше сол жолды көрсетуге тырысатыны.
Ал, ұнамағаны, түсінікті ғой, туристерге арналған бағалардың биіктігі
P.S.
Мына бір хабарлама таң қалдырды:
Автобуспен өтіп бара жатып, байқап қалып, жарнаманың бір бөлігн ғана түсіріп үлгердім.
«kambar at çiftliği» деп жазылған.
19 шілде елге қайттық, ұшақта отырып фотоға бұлттарды түсірдім:
