Демеушіміз Болашақ!
Ал, бәрімен қырылып болып, жаңа пост жазуға кірістім. Бұл жерде де түтіп жейтіндер табылатынына зрением жетед. Бәлкім олай болмас. Айтайын дегенім бұл емес. Айтайын дегенім — Демеушіміз Болашақ!
Бұларың кім тағы, дейтіндер аяғына дейін оқып шығыңдар. Жазу үшін ғана жазылған пост, құсық — дейтін жандар бірден жаба салыңыздар өтініш (Бастан өткен)
Ал кеттік. «Демеушіміз Болашақ» деген, қазіргі таңда Жайдарманның, (ескі адамдарға түсінікті болсын) КВНның туын желбіретіп жүрген топтың бірі. Көрген болсаңыздар команда құрамында 3 қыз, 1 жігіт ойнайды.
Құрамы бірнеше рет өзгерді. Топта ойнаған қыздар: Айжан, Еңлік, Айнұр, Мереке, Дина. Топтың тұтқасы — Нұрболхан. Топ 2012 жылы құрылды. Биыл Жоғары лигада екінші жыл өнер көрсетуде. Жеткен жетістіктеріміз де аз емес:
2012 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің кубогы, 2-орын.
«Жасыбай толқыны-2012» Бас жүлде.
«Жыл жаңалығы-2012» номинациясы.
2012 жылғы Жоғары лига ойындарының жартылай финалисттер.
Бағындырар белестеріміз де алыс емес бұйырса. Халықтың көңілінен 9 квадрат орын алып жатқан бұл команда биыл Жоғары лигада тағы да бақтарын сынап жатыр. Алда Жартылай финал. Жанкүйер болыңыздар.
«Демеушіміз Болашақ»-деп не үшін қойылды?! Себебі команда құрылғаннан бастап Демеушілік жасаған «Болашақ» Қауымдастығының құрметіне қойылған атау. Топтың Демеушісі — «Болашақ»! (Уәәә, бізде демеуші бар. Кешіріңіздер!) Сол үшін Ринат Маженов және Максат ағаларыма команда атынан алғыс білдіретінімді айтып барыңыздарш көргендер.
Қазір топта ауысқаннан қалған осы 3 қыз.
Қысқаша команданың өмірбаяны осы. Керекке керек болмаса, маған керек!
