Ескі архив · 23.07.2013 09:19

Бұл Түркістан!!

* Есі дұрыс адам Түркістанға жазда қыдырып бармайды" Ж.Ертай. Рас айтады, Рас! * Біреулер үшін қала, біреулер үшін ДӘӘУ ауыл. * Асфальттау деген түсінік жүрмейді, тіпті адамы көп базар маңындағы жолдарға, автотұрақтарға әрі кеткенде тек тас төгіледі. Болды. * Қаланың тіршілігі негізінен базармен байланысты. 24 сағат сауда қайнап жатыр. Қызығы сатушылардың дені өзбектер. Сатып алушылар қазақтар. * Бесіктің заттарын іздеп барлық дерлік дүкендерді араладым. Балалар тауарларын сатумен айналысатын 2 ақ қазақтың дүкені бар екен. солардың бірімен: -Түркістандағы детски сататын жалғыз қазақпын. -Алтын ордада бір қазақ кісі бар екен. Сол сізге жіберді. -Е, ол оралман ғой. -ммм да. * Қала ішіндегі маршруттар қалаған жеріңде тоқтайды. Тіпті әр столбының түбінде бір бір адамнан тұрса да тоқтай береді. /мұнда да шаферлер өзбектер/ * Қалада санаулы жерге /базар маңына/ бағдаршамдар орнатылыпты. Адамдар әлі үйрене алмай жатыр. Әсіресе өзбектің әйелдері. Жасыл жанғанша шыдамайды, машиналардың арасына қойып кете береді. * Машина айдайтын жігіттердің айтуынша машина жүргізу Алматы, Астана, Шымкентке қарағанда Түркістанда қиын екен. Себебі мұнда ол қалалардан басқа өзінің жол жүру заңдылықтары бар. * Тойханаға бардым. Той жасау үшін адам басына төлеген ақыдан бөлек «САЛҚЫНДАТҚЫШҚА» ақы төлеуіңіз керек. Сағаты 1000 тг. Төлемесеңіз қосылмайды. /далада 40-45°C/. * Түркістан-Шымкент арасы 800 тг. Салқындатқышпен барғыңыз келсе 1000 тг. Пы.Сы: Қаланың осы жолы маған берген әсері осындай болды. * Осы. Енді суреттер.
Авторы:
Janasil

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту