Ескі архив · 23.07.2013 12:47

Жігіттің жүрегін жаулау оңай! :)

Мысалы, satibaldi ұнап қалды делік саған. Бірақ, оны өзіңе ғашық қылудың жолын таба алмай, дал болсаң, мына аздаған айла-тәсілге назар аудар 1. Анда-санда болса да жаралы, қорғансыз қыздың кейпіне ен. Жігіттер ақылды қыздың қасында өзінің кемшіліктерін байқап қалудан қашады. Жігіт еркек екенін, қызға қорған болатынын, қызға керек екенін сезінгенді қалайды. 2. Еркіндікте қалықтасын. Қайда болғанын, кіммен, қалай уақыт өткізгенін сұраудың қажеті жоқ, анда-санда болмаса. Оның жүріп-тұрғанын білгің кеп, ішіңді құрт тесіп бара жатса да, тілдің ұшын тістей тұру керек. Кейін қолына кісен салып, жекеменшік күйеуің қып алғанда-ақ ізін лупамен аңдуға үлгересің Қоңырау шалып, іздеме. Ол «неге іздемейді» деген сұрақпен басын қатыруы керек. 3. Оның пікірімен де санас. Болмашы нәрсеге қатысты да оның ойын сұра, кеңес, ақыл қосқанын сұра. Бірақ, өзі ештеңе шеше алмайтын ақымақ қыздың кейпіне еніп кетіп жүрме 4. Сағындыр. Өзіңе ғашық қылам деп, оның айналасынан шықпай қоюдың қажеті жоқ. Ол кезде кері әсер беруі мүмкін, жалықтырып аласың. Кейде жоқ боп кет, жауап берме. Іздесін, қызғансын. 5. Өзгеріп отыр. Үнемі киіміңді, шашыңды өзгерт. Көңілді жүр. Жігіт басқаға ғашық боп қалмады ма деген оймен қиналып қалар, бәлкім 6. Комплимент айт. Жігіттің жақсы жағын, саған ұнайтын тұстарын өзіне ашып айтудан қорықпа. Тек ол комплимент пен мақтау сияқты көрінсін. Еркектердің бәрі өзін құрметтегенін, бағалағанын қалайды. 7. Достарымен аралас. Оның достарының арасында сыйлы болуға тырыс, әзілдес, сөз таластыр. Өзіндік ойың бар екенін көрсет. Достары сен жайлы жақсы пікірде болсын. Жігіт бәрібір достарының сөзіне құлақ түреді. 8. Екеуіңе ортақ хобби тап. Қызығушылығың ортақ болса, тіптен жақсы. Бірлесе атқаратын әрі екеуіңе де ұнайтын іспен айналысу керек. 9. Бірінші кездесуде-ақ өзің жайлы сырдың бәрін ақтара салма. Өткенің туралы мүлде сөз қозғама. Өзі сұрағанның өзінде аз-маз ғана жауап бер. Ол үшін жұмбақ бола тұрсын. Жігіттер қыздың өткенінде де, болашағында да бірінші боп қалғысы келеді. 10. Жасандылық болмасын! Өмірде қандайсың, сол қалпыңды көрсет жігітке. Жасандылықпен қасыңда ұзақ ұстай алмайсың. Осыларды үнемі есте ұстасаң, satibaldi да саған ғашық боп қалады Ал, сәттілік!
Авторы:
aikarakoz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту