Керек-бәйге!
Бір жарым жыл бұрын Керекте мынадай новеллалар бәйгесін өткізген болатынбыз.
Енді, сол дәстүрді жаңғыртып, тағы да новеллалар бәйгесін жариялаймын!
Ұйымдастырушы мен болғандықтан, бәйгеге менің сүйікті новелла жанрында жазылған шығармалар қабылданады.
Бәйгенің тақырыбы — "Қызметтестер хикаясы".
Бәйгенің шарттары:
• бәйгеге кез келген қолданушы қатыса алады (жасы, бойының ұзындығы, салмағы, жынысы, қызметі, отбасылық жағдайы, балаларының саны деген критерийлерге шектеу қойылмайды).
• бәйгеге тек сауатты жазылған шығармалар қатыстырылады.
• бәйгеге жолданған шығарманың авторын көрсету-көрсетпеу жөніндегі қалаулар қабылданады.
• бәйгеге қатысатын шығармалар dark_nazgul@mail.ru поштасына тамыздың біріне дейін жолдануы тиіс, одан кешіккен шығармалар жарияланбайды.
• келіп түскен шығармалар арнайы аккаунт атынан бір күнде жарияланады.
• өз бетімен жарияланған шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.
• шығармалар жарияланғаннан кейін бір апта ішінде мен тағайындаған бес адамнан тұратын қазылар алқасы өз таңдауы және қолданушылар таңдауын негізге ала отырып шешім шығарады.
Ал, қаламдарыңа Алла қуат берсін!
