Ескі архив · 25.07.2013 13:34

Жұмыс!

Веб-редактор керек. Қоғамдық бірлестік сайтына редактор керек. Сайт екі тілде жүргізіледі, басымдық орыс тіліндегі сайтқа беріледі. Маманға қойылатын талаптар: 1) жоғары білім; қазақ және орыс тілдерін жетік білу; 2) веб-редактор, контент-менеджер мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі; 3) google analytics, Яметрика көмегімен желілік медиа құралдарына сараптама жасау дағдылары; 4) facebook, twitter, google+, youtube, linked in әлеуметтік желілерімен жұмыс істеу дағдылары; 5) SEO және SMO оңтайландыру, SMM салаларында жұмыс істеу тәжірибесі; 6) блог жасап, жүргізу дағдылары; 7) коментарийлер мен форумдарға модерация жасау дағдылары. Сонымен қатар, қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне мынадай жауапкершіліктер кіреді: 1) ұйымның facebook, twitter, mail.ru әлеуметтік желілеріндегі корпорациялық аккаунттарын жүргізу; 2) ұйым қызметтерінің Интернет желісінде алға жылжыту концепциясын әзірлеу; 3) ұйымның сайтындағы мақалаларға жазылатын пікірлерді модерациялау; 4) мақалаларды ұйымның сайтында мультимедиалық түрде ұсыну үшін өңдеу; 5) сайтта жариялау үшін мультимедиалық материалдар әзірлеу: фоторепортаждар, инфографика, таймлайн, т.б.; 6) Интернет желісіндегі ақпараттық серіктестік жөніндегі маркетингтік кампанияларды әзірлеу. Бұдан басқа да көптеген шарттар мен талаптар бар, бәрі интервью үстінде айтылады. Жұмыс Алматыда, сайт wordpress-те. Ниет білдіргендер маған жекеге жазсын.
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту