Ескі архив · 25.07.2013 10:07

Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!

Адам бойында 5 литрдей қан болады екен. Осы мөлшердің жартысы ғана денені қоректендіруге жұмыс жасайды, ал қалғаны «резервте» тұрады екен. Резервте тұрған дүниенің сиқы келісті болмайды ғой. Тұрған қан ұйып, қою тартады екен. Жүрекке артық жұмыс жасау осылай басталады. Ауырады… Шаншиды… Артық жұмыс жасау кімге оңай болсын. Мұсылмандар шариғатта сүннет етілген нәрсенің бірі — хиджама дейді. Яғни, денеден қан алдыру. Бастан, аяқтан, арқадан, жалпы қай жеріңізде ақау бар сол жердің бәрінен қан алуға болатын көрінеді. Аллаға шүкір, мен осы кезге дейін ауырып көрмегем. Денсаулығым да өте жақсы. Бірақ, Ғаділбек қыста келгенде хиджаманың кереметін айтып кеткен. «Түнде жортып, күндіз ұйықтайтын болып кеткеннен ұйқы бұзылған, өмір сүру режимі өзгерген. Салғырт, ұмытшақ, ұйқым келе беретін» дейді братым. Содан хиджама жасаған соң ұйқысы тез-ақ қанатынын айтты. Менің шешімге келуім үшін ұйқы туралы айтқаны жеткілікті болды Жаңа жұмысқа тұрғалы сегізде тұру қажет боп жүр. Өмірі тоғызда жұмысқа барып көрмеген мен үшін қиындау бұл. Сонымен не керек, кеше Қанат деген жігітке хабарластым. Орыстілді екен, әйтіп-бүйтіп түсіністік әйтеуір Үйіне барып, ұзақ әңгімелестік. Қан қысымы, денсаулықтағы ақаулар туралы сұрады. Сосын барып іске кірісейік деді. Әуелі осылай… Арнайы пластикалық тостағандарды арқама төңкеріп, ішіндегі ауасын сорып алды. Сол кезде тері де көтеріледі, тостаған астына қан толады. Аздаған әңгіме, жалпы Қанат әңгімешіл жігіт екен. Өзі қазақ емес, төре тұқымы. Біздің халық туралы да біледі екен Жаңаөзенді сұрады … Арада аз уақыт өтті. Қанат арқамды босатты да, «Ал, бала, дайындал, қазір маса шағады» деді. Білінген де жоқ. Қайтадан тостағандарды төңкерді… Бұл жолы қан алына бастаған екен… Қызығы қанның түсі еді. Қан қап-қара! Таңғалдым! Және өзі қоп қою… Қорқынышты. Айтпақшы, Қанат алдын-ала ескерткен: Нашарлап бара жатсаң айт деп. Бірінші 10 тостағанмен қан алған соң, күрт басым айналды. Айттым, бетім су бүрікті, нашатыр иіскетті. Оһооо, мен бұндайды өмірімде сезініп көрмеппін Таңғалдым))) 18 нүктеден қан алғаннан кейін денеде 4 литрдей қан қалады екен! Дененің жеңілдеп, қан айналымның жөнделіп, қанның сұйылып, тамырлар бойымен жүйрік жүйткуі содан болса керек. Хиджамадан кейін көңіл көтеріледі екен! Кәдімгідей себепсіз қуанасың, шынымен жеңілдеп кеткендей боласың! Таңертең тұрғанда аса байқалған жоқ, десек те, бір жеңілдік бар бойымда Алғысымды жаудырып, Қанатты ауызашарға шақырғам. Ол бірден бас тартты. Қоғамдық, көпшілік жердің тамағына сенбейтінін айтты. Бірақ, келесі аптада Абай-Сембинов көшелерінің қиылысындағы Стамбұл кафесіне апарамын деп ойладым. Айтпағым осы еді, жігіттер! ПыСы: Айтпақшы, үгіт жоқ, таза өз басымнан өткен нәрсе ретінде бөлісіп отырмын. Бірақ, алда жалда хиджамаға көңілдерің кетіп жатса, хабарласыңдар, Қанат братпен сөзсіз таныстырамын! Рамазан мүбәрак болсын, брозесссс!
Авторы:
aza

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту