Соңғы он күндікке дайындығың қалай?
Бауырым, рамазанның үштен екі бөлігі аяқталғалы тұр. Сен соңғы он күндікке аман жетуіңді Алладан тіле! Алла құлшылық еткен пендесін тозақтан құтқарамын деген уәледі күндері дәл осы соңғы он күндік. Осы күндерді бос жібермесең — бағың жанды.
Дұрыс қой, пікір жазысамыз, әзілдесеміз, ойнаймыз. Бірақ күніміз санаулы. Әр сағат санаулы. Осы рамазан сенің соңғы рамазаның еместігіне кепілдігің бар ма?!
Бұл он күннің ішінде қасиетті Қадр түні бар. Ол түнде жасалған құлшылығың ғұмыр бойғы құлшылығыңа тең келетінін сен жақсы білесің. Мүмкіндікті бос жіберіп алма, бауырым! Біздікі — ескертіп отыру ғана. Дінде мәжбүрлік жоқ. Осы сайтта бір ескертушің бар екенін біле жүргейсің.
