Ескі архив · 27.07.2013 00:01

Кіші Рой Джонс пен Куинтон Джексон бокстаспақ

Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін. Сөйтіп Өрекең жеті рет өлшеп жүргенде, жақында ғана UFC-ден Bellator-ға ауысқан Куинтон «Елірме» Джексон бір-ақ кесіп, Рой Джонспен жекпе-жекке шығатын болыпты. Кәсіпқой бокс ережелері бойынша.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту