Ескі архив · 29.07.2013 12:54

Лағман

Шынымды айтсам, лағманды Алматыға келіп бір-ақ жеген шығармын. Біз жақта лағман созбайды, дайындамайды. Сол себепті де мен лағман соза білмеймін әлі күнге дейін. Алматы бізді көп нәрсеге жаман үйретін тастады ғой. Бұрын жемеген тамақтарымызға да үйірсек боп алдық. Мына досымның үйіне барған сайын «Лағман жасап берші» деп миын ашытып жіберемін. Бұл жігіт — осында жарияланған "Қара ала сырмақ" деген өлеңнің авторы («Болайын деп тұрған бала екен» деп мақтапты кей блогшылар) Өлеңдерін анда-мұнда тықпаламайды. Лағманды жақсы дайындайды. Әсілі, Қытай жақтан келген қандастардың бәрі тағамды жақсы дайындайды-ау деймін. Сонымен, мен досымды «Подливін өзім әйтіп-бүйтіп жасай салайын, сен қамырын дайындашы» деп қолқаладым. Ол қамырды жақсылап илеп, «Тоңазып қалады» деп маған терезені жапқызды. Бабы күшті екен қамырдың. Мен подливке қолда барды: тауық еті, болгар бұрышы, сарымсақ, пияз, картоп, орамжапырақ, сәбізді қосатын боп шештім. Лағманды «сабап» жатыр Аса қадірменді лағман — дастарханда! Өзімше ағаштың фонында түсірген түрім Қыздар, мен лағманның қамырын қалай созуды әлі үйрене қойғаным жоқ. Қолыма ала бергенде "Үзіп тастайсың, көлемін біркелкі қылу керек" деп қағып жібереді жұрттар Бірақ, қалайда үйреніп алуым керек. Назарларыңызға рахмет! Асханада келесі кездескенше! Ойдойт деген
Авторы:
Rozatai

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту