Ескі архив · 29.07.2013 22:56

Судья 3.14дараз

Кеше Шымкентте Ордабасы Ақтөбені қабылдады. Ойын жақсы басталған осылай, әнұранмен. Бірақ, Ордабасы біз күткен ойын өрнегін көрсете алмады. Ақтөбе негізгі құраммен ойнамаса да, бір есте қаларлықтай мардымды шабуыл жасай алмады. Ойлап, қоям, негізгі құраммен келгенде ірі есеппен ұтылатын ба едік. Ощм, дәрменсіздік танытып, жанкүйерлерінң алдында жерге қарап қалды. Жанкүйер көп жиналып еді, өйткені біздің асыға күтетін қарсыласымыз осы Ақтөбе клубы. Бірінші таймнан кейінгі көрініс; Бұлардың барлығы дәретханаға бара жатқандар. Арасында қайтып кеткендер де бар, өйткені біздің қасымыздағы бір жігіт қапа болып кетті. Сонымен екінші тайм басталды. Ордабасының жүйесіз ойыны көріп, қайта қарнымыз ашты. 50 минутта сол қанатта тамаша әдіспен алдап өткен Харабара айып алаңына керемет пас шығарып берді, Гридин сәтті пайдаланып есепті ашты. Енді, ойынға қан жүреді ма деген үмітіміз ақталмады. Ойыншылардың да, жанкүйерлердің де жүйкесі сыр беріп, төрешіні айыптап, түрлі боғауыз сөздермен балағаттай бастады. Бұл, Мұхтаровтың ескерту алған кезіндегі айғай шу. Ойын біткеннен кейін тіпті сорақысы болды. Сектордың жоғарғы жағында отырғандар, жартылай ішілген баклашкаларды стадионға қарай бірінен соң-бірі атқылай бастады, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төмен түсіп келе жатсақ, сектор арасындағы шығатын есіктің алдында бір жанкүйер мен полиция қызметкері ерегісіп тұр. -Әкел баклашканы. -Бермеймін. -Бер деймін. -Сайыпал, жібер мені нақ. Намысы жоқ. -Баклашканы лақтырма- деп енді орган қызметкері барын айтып жатыр, бірақ намысты стадионға баклашка лақтырумен өлшейтін әлгі бауырымыз, полицияға келіспеген күйі стадионнан шығып бара жатты. Қарсылас клубтың не кінәсі бар екенін білмим. Бірақ жанкүйерліктің осындай жабайы үлгісін меңгерген жерлестерім үшін ұялдым.
Авторы:
Arys_arlany

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту