Фотошопақ - шәйнектерге. Ромео мен Жулиеттің некелесу рәсіміне мақтамен жазу. I сабақ
Сюжет:
Очм, типінақ, Монтекки мен Капулетти әулеттері бірі бірімен әже жау болады. Жек көретіндері сонша, бірі бірінің әулеттік гербін көрсе құсып қояды екен. Бірақ, жаратқан Шива адамдарды мазақ қылмаса отыра ала ма: Ромео Монтеккитегі Жулиет Капулетқызына ғашық бов қалады. Махаббаттан бұттары жанып бара жатқан екеу, алдымен kariim ге телефон шалады, ол жауап бермегесін(сірә, қыздармен әмпей-жәмпей болып жүрсе керек), Лоренсо деген алқаш манақты таувалып, некелерін қиып жібереді.
Қажетті материалдар:
• Ромео мен Жулиеттің суреті.
• 5 мың теңгенің 1,5Х2,7 бельгия немесе түрік синтетик кілемінің суреті;
• Adobe ЖШС өнімі — Фотошопақ.
Сонымен, Ромео мен Жулиеттің суретін Интернеттен іздейміз. Артқы фонын тазартып әлек бомау үшін, бірден бектұр, болмаса png форматындағы арты мөлдір нұсқасын іздейміз:
Кілемді табу да қиынға соқпайды. Айта кету керек, анабір, қаззақтар ерекше сүйетін қызыл-ақ-қара құсық кілем табылғанда, тіпті қатып кетер еді, амал не — өндірістен алып тастапты(((. Ендеше, қаззақтардың талғамына келеді-ау дегенін таңдап аламыз:
Келесі жұмыстың барлығы Фотошопақтың ішінде өтеді. Алдымен, құсық кілемді ашамыз:
Сосын махаббатан алжыған екі албастыны ашып, сол жалғыз қабатты (layer) тергеушінің, хершірерсіздер — тінтуірдің көмегімен кілемге апарамыз:
Нәтижесінде екі ғашық кілемнің бедері сияқты болып, сіңіп кетіп тұр:
Бұл олқылықты аздап түзетіп көреміз. Ол үшін Ғашықтар қабатына(layer) Жулиет екіқабат боп қалмай тұрғанда шекаралық сәуле және көлеңке береміз:
Бұдан кейін екі ғашық аядағы кілемнен ерекшеленеді. Енді, қаззақ дәстүрі бойынша кілемге мақтамен жазамыз. Ол үшін алдымен мәтінді жазамыз:
Қалғаны келесі сабақта. Ал келесі сабақ — жазбаны мақтаға айналдыру.
P.S. Сәтті пайдалана отырып, Photoshop CS6 редакторына крэк берген Саматқа рақмет айта отырып, Anar70 атты қолданушыға кетнақ дегім келеді.
