Таныстырсам өзімді...
Таныстырсам өзімді… Астаналық Керекшілер арасында мем болып келе кеткен тақпақбасы. Осыны енгізген aza бауырымыз жалғасын айтпай жүр. Келіңдер көмектесейік. 4 жол өлеңдер жазайық, үздікті aza өзі таңдасын.
Үлгі керек болса мыналарды бір шолып шығыңыз:
Таныстырсам өзімді Нұртлеуова Жаңыл деген.
Математика пәнінен дәріс берем.
Қиынын мамандықтың таңдап алдым.
Болғасын қыр-сырына тереңдеген.
сілтеме
***
Таныстырсам өзімді тегімменен,
Руым — Беріш қиындықтан шегінбеген.
Әбу тегі Рақымқызы Альбинамын,
Өнер менен білімді егіз көрген.
сілтеме
***
Таныстырсам өзімді
Құлақ салғын сөзіме,
Сіргелінің ұланы
Оңтүстіктің баласы
Әруақты бабам қолдасын
Қарашаш атты анасы.
Атым болса Ердәулет
Туған қалам бұл Шымкент
сілтеме
***
Таныстырсам өзімді — Кіші жүзбін,
Тыңдасаңдар мен туралы құлақ түргің,
Аталарым Маңғыстауды мекен еткен,
Сол жерде менде өмір сүріп жүрмін.
сілтеме
