Грант! Грант! Грант!
Ұлы қолбасшы Улисс Гранттың мүрдесі қабірінде жылына екі рет аунайды: бір рет — туған күні — 27 сәуірде Ұлттық Мемориалдық Мұражайда еске алынғанда; екінші рет — қаззақтар тамыз айының басында грантқа түскендердің тізімін іздегенде.
Соңғы мағлұматтар бойынша, грантқа түскендердің тізімі еш жерде жоқ дейді. Дегенмен, тығырықтан шығатын бір жол бар сияқты.
Менің аз-мұз бал ашатын қасиетім барлығыңызға мәлім. Бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстарды, Кеннедидің өлімін, адамның Айға қонғанын айы-күніне дейін дәл болжағанымды барлығыңыз білесіздер. Иә, иә, менің аталмыш оқиғалардан кем дегенде 30 жыл кейін туғаным сендерді аз-мұз күмілжітіп отыр. Бірақ кеш туғаныма мен кінәлі емеспін ғой?
Сонымен, бүгін Нострадамустың әруағы есі дұрыс құты таба алмай, маған қонған сияқты. Грантқа түскендеріңді 0,6 коэффициентке дейінгі дәлдікпен болжап беремін. Ықтималдық теориядан хабары барлар бұл айтарлықтай дәлдік екенін шырамытып отыр. Жауаптар сол жақ иығымда міңгірлеп отырған Нострадамустың стилінде — катрэндермен беріледі. Сіз керек адамның аты-жөнін осы жерге жазыңыз.
