Ескі архив · 11.08.2013 20:08

Айт намазы

Айт намазын орындаудың міндеттілігі жөнінде ғалымдар арасында қарама-қайшылықтар бар. Ғалымдардың көпшілігі бұл намазды міндетті деп есептемеген. Олар, Аллаһ бес намазды ғана парыз еткені жайында айтылған жалпы хадистерге сүйенген. Ал Әбу Ханифаның пікіріне келер болсақ, онда ол Айт намазы әрбір мұсылманға міндетті болып саналады деген, сонымен бірге бұл әш-Шафи`и мен Ахмадтың білдірген пікірлерінің бірі болып табылады (Қараңыз: “әл-Инсаф” 2/240, “әс-Сәйлюл-жәрар” 1/315). Осы пікірдің жақтаушыларының айтуы бойынша, Айт намазын орындау ерлерге де, әйелдерге де міндетті (уәжиб) болып табылады, себебі пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазға шықсын деп бәріне бұйырды: балалар мен қарт кісілерге, ерлер мен әйелдерге. Ибн `Аббас былай айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қыздары мен әйелдеріне, екі Айт намазына (Ораза Айт пен Құрбан Айт) шығуды бұйырған» (Ахмад 1/231, Ибн Әби Шәйба 2/182. Хадис сахих. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2115). Сондай-ақ, Умм `Атыйядан жеткен хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы намазға шығуды барлық әйелдерге, тіпті етеккірі келген әйелдерге де әмір еткені хабарланады. Ол былай деген: “Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Жас қыздар, әрі шымылдықтың артында отырғандар, сондай-ақ етеккірі келген әйелдер үйлерінен шығып, игі істерде және мүміндердің Аллаһқа дұға етулерінде ат салыссын, алайда етеккірі келгендер, намаз орнынан алшақ тұрғаны жақсырақ»” (әл-Бухари 324, Муслим 2/605). Ибн `Аббас тағы да былай деген: “Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қыздары мен әйелдеріне Айт намаздарына шығуға әмір ететін” (Ахмад, Ибн Мәджаһ, әт-Табарани. Хадис сахих. «Сахих әл-жәми’» 4888. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деді: “Біз, Әбу Ханифа және басқалары айтқанындай, Айт намазы әрбір адамға парыз (фарул-`айн) болып табылады деген тұжырымға келдік. Бұл – имам әш-Шафи`и мен имам Ахмадтың пікірлерінің бірі. Ал енді: «Айт намазы фардул-кифая болып табылады», – деген сөздер туралы айтар болсақ, онда ол ақиқат болудан алыс! Шын мәнінде, ол Исламның ең ұлы дәстүрлерінің бірі болып есептеледі, сонымен бірге оған жұма намазынан да көбірек адам жиналады. Ол намаздың тәкбирі бекітілген. Сол үшін ол фардул-кифая болып саналады деген пікір дұрыс емес” (Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуа” 23/161). Имам әш-Шәукәни былай айтты: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айт намазын ешқашан қалдырмағанын және адамдарға, тіпті шымылдықтың артында отырған қыздарға, тіпті етеккірі келген әйелдерге намазға шығуды бұйырғанын біл! Әрі орамалы (жулбәбы) болмаған әйелдерге, құрбыларынан сұрап алсын деп айтатын еді. Бұның барлығы, айт намазының мұсылмандар үшін берік бекітілген парыз болып табылатынын дәлелдейді» (Қараңыз: “Сәйлул-жәрар” 1/315). Шейх `Абдуллаһ әл-Бәссам, айт намазына қатысты айтылған ғалымдардың пікірлерін атап өтіп, былай деді: «Имам Ахмадтың, айт намазы әрбір мұсылманға міндетті деген басқа да пікірі бар. Оның міндеттілігі аяттан және пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазды әйелдерге де орындауды бұйырғанынан шығып келеді. Бұл пікірді шейх Тақийуддин (Ибн Тәймия) таңдаған, әрі бұл дұрыс пікір болып саналады» (Қараңыз: ”Тәудых әл-ахкәм“ 2/388).
Авторы:
tolebi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту