Ескі архив · 13.08.2013 17:48

Ұсқынсыздар

Автомобиль – сән емес, көлік қана. Енді, былай, тұжырым жалпы дұрыс қой. Бірақ, астындағы көлігінің жұтынып тұрғанына ешкім қарсы болмас. Кариншуранс деген америкалық сайт ұсықынсыз автомобильдердің тізімін жасапты. Әдістемесіне тоқталып, көпәріп жазуға тәбет тартпай тұр. Сондықтан, бірден рейтингті қабыл алыңыз. 12. Nissan Murano Cabriolet Менің ойым: Мураноның кабриолет емес түрінің өзі де біртүрлі ғой, расында. Infiniti FX35-тің мүгедек түрі сияқты. Ал, мынаны дизайнерлер Animal Planet қарап отырып жасаған сияқты. Дәуіт секілді бірдеңеге ұқсаттым. 11. Chevrolet HHR Жымидым. Мына машинаны тек ағылшындар алатын шығар. Онда да такси қылып тебу үшін. Өзі Лондон кэбтарына ұқсайды екен. 10. Honda Element Бұл машинаны жинаған жапондықтар «30 жасқа дейінгі экстремалдарға арналған» депті. Жепті. :*)) 9. Chrysler PT Cruiser Тағы бір такси. Болмаса, келіншек немесе өлік тасуға арналған көлік. Иә формасы, иә идеясы жоқ бейшара машина. Көне неміс киноларындағы Opel-дер бұдан әдемі шығар. [-( 8. Pontiac Aztek Базарда 200 теңгеден сатып алуға болатын қытайдың пластик ойыншық машиналары бар ғой, соларға ұқсаттым. Екі түрлі машинаны ортасынан бөліп, сваркілеп қойған сияқты. ~x( 7. Lincoln Town Car Жоқ, Линкольнге респект. Оның үстіне, жетпісінші жылдардағы классикалық көліктерге деген жылы сезімдерім бар. Бірақ, дәл осы көліктің дизайндік диссонанстары маған да ұнамайды. Әсіресе, анау үшінші терезесіне қарап құсқым келеді.:-& 6. Subaru Baja Он жетінші ғасырдағы қазақ гейлері туралы естідіңіз бе? Мен де естігем жоқ. Алайда, олар да дәл мына Бажа сияқты ыңғайсыз болған шығар деп ойлаймын. 8-} Жоға, идеясы мықты ғо. Алды седан, арты пикап. Шаруа машина. Бірақ, менің жан дегендегі жалғыз бажам мынаған мінбесі анық. 5. Volkswagen New Beetle Осы жерге келгенде рейтингке өкпелеп қалдым. ;r Меніңше, қоңыз өте әдемі машина. Әрине, рульде еркек отырса, біртүрлі көрінеді. Алайда, жампозыма алып берсем, екеуі үйлесе қалар еді. Айтпақшы, Beetle туралы оқи салыңыз. 4. Chevrolet SSR Өш! Не мынау? :-o Бос уақытында жүк таситын Формула 1-дің ұшқыштарына арналған-ау, шамасы. 3. Hummer H2 Пфффф. Ақшаны босқа шашудың нағыз өзі. Қала үшін түкке қажеті жоқ көлік. Құдай ақы, осы машинаны алатындар реті келсе әлгі жерін салыстыруға дайын тұрады. ;# 2. Nissan Cube Уақақақа. =)) <:-p Мынаның қасында Honda Element айналайын екен ғой. >:) 1. Smart ForTwo Жоқ, дұрыс емес. Бірінші орында Nissan Cube тұруы керек. ;g
Авторы:
Marco

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту