Ескі архив · 14.08.2013 18:40

Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Армысыздар, достар! Керекинфоға тіркелгелі бері алғаш рет пост жазғалы отырмын. Өзім бұл сайтқа жақында ғана келдім. Достасып кетеміз деген ойдамын! Дүйсенбі күні 7 сағат бойы түсірілімде болғанмын. Облыс әкімінің бұйрығымен, бірнеше нысанды аралап қайттық. Жол ұзақ, шаршатты. Соңғы нысан, Долинка ауылында орналасқан, КАРЛАГ мұражайы болды. Бұрыннан сол мұражайды суреттерден емес, өз көзіммен көргім келген. Әйтеуір сәті түсіп, барлық бөлмесін аралап шықтық. Алғаш кірген кезде қарапайым ғимаратқа кіргендей болдым. Тек суреттер мен қағаздарға толы мұражай деп қаласың. Бірақ, ең қорқыныштысы төменгі қабатта екен. Бұл жерде ату жазасына кесілген жазықсыз азаматтарды өлтірген… Ал мынау мұражайдың ең қорқынышты жері… Қып-қызыл қанға боялған қабырға… Бұл жерде құрбандарды қинап, жазалаған екен( Әйелдер мен балаларға арналған бөлмелер де бар. Ғимараттың төменгі қабаты қараңғы, суық, ауасы тар сияқты… Әр бөлмеге ауыр әуеннің сүйемелдеуімен кіресің… Ал мына заттар тұрған бөлмеде КАРЛАГтың басшылары отырған. Міне, жазықсыз адамдардың қиналып өлген жері осы жер… Бұл мұражайға экскурсиямен келуге болады. Көрем деушілер болса, келіңіздер!
Авторы:
askhatkyzy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту