Ескі архив · 18.08.2013 21:40

UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Міне, кезекті демалыспен бірге тағы бір айтулы UFC шарасы өтті. Бұл бір титандар қақтығысына толы кеш еді. Алистар Оверим, Маурисио «Шоган» Хуа, Чейл Соннен сияқты мықтылар қатысады деген соң, көптен күтілді. Бірақ нәтижелер көпшілігі күткендей шықпады. Мәселен, кештің басты жекпе-жегі саналатын Чейл Соннен-Маурисио «Шоган» Хуа және Алистар Оверим-Трэвис Браун кездесулерінде «Шоган» мен Оверим фаворит болып тұрған еді, бірақ «андердогтар» Соннен мен Браун айды аспаннан бір-ақ шығарды. Төменде — әдеттегідей GIF форматындағы суреттер. *** ММА фанаттарының көбі Чейл Сонненді аузына келгенді айта беретін бейпілауыз, бразилиялықтардың қас жауы ретінде білетін. Бұл жолы да солай болды. Бразилиялықпен жекпе-жекке шықты. Бірақ… «п*здеть» етуді білетінімен қатар «п*здить» ете алатынын да дәлелдеп тастады. Айналасы жарты раундтың ішінде «Сегунды» гильотина әдісімен қылқындырып, еден тоқпақтатып жіберді. Еден болғанда, ну енД, Чейлдің санын… Соққылар саны жөнінен де Соннен алда болды. Бұл енді нағыз апсет болды. Хуа бұлай оңай жеңіле салатындай қара жаяу спортшы емес еді. Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы ғой, қанша дегенмен. Амал не, болған нәрсе болды. Жақында ғана Интернетте Хуаның бір аударылған твиті жүрген еді. Мазмұны: Кейін қызым бой жетіп, жігіттермен кездесе бастаған кезде, жігіті бір ақымақтық істеп жүрмеуі үшін оған бір жекпе-жегімді көрсетемін дегенге келіп саятын. Бірақ Хуа болашақ күйеу баласына қай жекпе-жегін көрсетсе де дәл осы Сонненмен төбелескенін көрсетпейді-ау деп отырмын *** Ендігі үлкен апсет — Римге тиесілі. Кезіндегі К-1, DREAM және Strikeforce чемпионы, кикбоксинг пен ММА бойынша чемпиондық титулды иеленген жалғыз спортшы, секси екенін өзі де білетін Алистар Оверимнің жолы тағы да болмады. Тағы да нокаут. Жекпе-жек Алистар үшін жақсы басталып-ақ келе жатыр еді. Трэвис Браунды бұрышқа тығып алып үстінен төпелеп те алды, жығып та алды, бірақ ойламаған жерден Браун жақтан теуіп (маэ-гери) Оверимнің өзін нокаутқа бір-ақ жіберді. Өте аянышты көрініс. Осыдан кейін: Алистар Оверим әдемі клиптерге түсуші еді, енді әдемі нокауттарға түсетін болыпты LMFAO деген әзіл шығып жүрмесе болды, әйтеуір Негізгі картадағы басқа жекпе-жектер бойынша қорытындылар мынадай: Юрайджа Фейбер Юри Алькантараны төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-26, 30-26, 30-27) Мэтт Браун Майк Пайлды нокаутпен жеңді (1-раунд, 0:29) Джон Ховард Юрайя Холлды төрешілердің бөлінген шешімімен ұтты (30-27, 28-29, 29-28) Майкл Джонсон Джо Лоузонды төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 30-27, 30-25) *** Мэтт Браун мен Майк Пайлдың төбелесі: *** Негізгі картадан тыс қорытындылар: Fox Sport 1 арнасындағы алдын ала жекпе-жектер: Майкл МакДональд Брэд Пикетті берілуге мәжбүр қылды (2-раунд, 3:43) Конор МакГрегор Макс Холлоуейді төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 30-27, 30-26) Стивен Силер Майк Браунды нокаутпен жеңді (1-раунд, 0:50) Диего Брандао Даниель Пинеданы төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (29-28, 29-28, 29-28) Facebook сайтындағы алдын ала жекпе-жектер: Мэнни Гамбруян Коул Миллерді төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты (30-27, 29-28, 29-28) Овинс Сен-Прө Коди Донованды нокаутпен жеңді (1-раунд, 2:07) Джеймс Вик Рамси Нийемді берілуге мәжбүр қылды (1-раунд, 0:50) *** Ары қарай нокауттар мен сабмишндардың GIF суреттері: Майкл МакДональд пен Брэд Пикетт Стивен Силер мен Майк Браун Овинс Сан-Прө мен Коди Донован Джеймс Вик пен Рамси Нийем Суреттердің алынған жерлері: бірінші сурет, екінші сурет, үшінші, төртінші, бесінші суреттер, алтыншы сурет, қалған суреттердің барлығы Бары осы. Алда тағы посттар болады. Қауымдастықты қадағалап жүріңдер
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту