Ескі архив · 19.08.2013 17:46

Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстан спорт күнін атап өтеді. Керекте байқағаным спорттың жанкүйерлері мықты, ал Gastarbaiter мырза тіпті спортты өмірлік серігі етіп барша насихаттап жүр. Спортты өмірінің бір бөлігі етіп алған адамдарды қатты сыйлаймын. Қазақстан спортын әңгіме қылғанымызда барлығы бірден «легионер» туралы айтады, енді бұл үлкен мәселе, бірақ мұныңда шешімі өзімізде деп білемін, мысалға біздің клубта легионерлер жоқ, барлық қыздар өзімізде тәрбиеленіп өскен, қазақстандықтар. Үйдегі балаларыңызды спорттық үйірмелерге берсеңіздер, Астанада оқушылар сарайында 8 айлықтан жүзуге алады, жоғарыда айтылған «легионер» проблемасынан шыға бастаймыз. Үйге келген кезде көбі тамақтанып алып, қайтадан интернетке жүгіреді, ал басқалары ТВ алдына, менім Сіздерге ұсынарым бар: 1) тамақтанғаннан кейін далаға шығып 1-2 сағат жүріңіздер, темекі, тәтті сусынсыз, өзіміз, жалғыз немесе құдай қосқан қосағыңызбен жай ойланып, қаланы бір шарлап жүріп қайтыңыздар (үйге 19:00 келдіңіз, тамақтандыңыз, үйтіп-бүйтіп 21:00 далаға шықтыңыз, 23:00 кіріп душ қабылдап, тамақтанбай жатыңыз); 2) суретке түсіңіз, 1 айдан кейін көп өзгерістер байқайсыздар. Ал, кеттік, күнде кешке, бір уақытта 21:00-ден 23:00-ге дейін бәріміз серуендеп жүріп қайтамыз))
Авторы:
Aidakonya

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту