Ескі архив · 20.08.2013 16:57

Қалайтыным - қыздар...

Сіздермен өмірде кездеспесім анық. Мүмкін кездесем… Мақтанып отырғаным жоқ. Бақсам, менде бәрі бар екен. Тек махаббат жетіспейді. Қыздың махаббаты… Соңғы кезде байқаймын, сұлу қыздарды көрсем, басқаша боп кетем. Бастан-аяқ сұқтанып қараймын. Бойымда бір қызу пайда болады. Сосын сол қызбен өзімді төсекте елестетіп көрем. Қоластымдағы бір қызға ғашық боп жүрмін. Мүсіні керемет. Өзі сұлу. Қанша рет ресторанға шақырып, ниетімді айтпақ болдым. Батылым бармайды. Кетіп қала ма деп қорқам жұмыстан. Бассейнге бірге барамыз. Моншаға да тек сонымен барам. Шыдай алмай жүргенімді несін жасырайын… Неше түрлі сыйлықтар берем. Тіпті іш киім де сыйладым, ымды түсінер деп. Ол қуана қабыл алады да, мені қатты құшақтап, ернімнен шөлп еткізіп сүйеді. Бітті. Үнемі қасымнан тастамауға тырысам. Маған оның барлық қылықтары ұнайды. Сол қылықтары мені еліктіретін. Мен оны қызғанамын кейде… Өзім жігітпен кездесіп те көрдім. Түрлі-түрлісін. Көңілің бөлінгенмен, көкейде қыздар тұрады. Маған не ақыл қосасыздар? Қайтсем дұрыс болады?
Авторы:
aru

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту