Ескі архив · 21.08.2013 22:53

Группаластарым. Алтынбай мен Әлідос.

Сатыбалдыға құсайын, ой епті ұқсайын деп жазып едім бұл тжуындыны. «Болмайсың бәрібір, сонда да ұқсап бақ» — деген Абай атамыздың сөзін тасшылыққа ала отырып бастадым. Басын осы жерден іздесеңіз оңай ауып аласыз. Алтынбай досымның орны бәріміз үшін бөлек емес, арамызда еді. Алтынбай дегенге алтындай екен деп ойлап жатқаныңызға сенімім жоқ, бірақ алтынға ұқсатуға болады, егер көзіңіз нашар көретін болса. Анау айтқан Мылтықбай досым проблеманы тілмен шешеді деп ем ғо, ал Алтекең болса денесімен шешетін… Шварценеггердің денесі Алтынбайдың денесіне дым да ұқсамайтын. Кезінде күрес пен боксты араластырып, спортты жанына серік етіп, денесіне сыймайтын размердегі майканы киіп ап жүруші еді. Қазір оған футболды араластырып, бессайыстан олимпиадаға бармақ арам ойы бар. Не болса да сәтілік дедік… Арамызда бір профессор жүрмесе 4 жыл үнібердің стенасында неге жүргенімізді ұмытып қалар ма едік?! Сол профессорымыз Әлідос досым еді. Сабақ айту-жазудан алдына жан түгілі аруақтарды салдырмайтын. Ғылым тілімен сөйлей бастағаннан-ақ кет наҚ деп құтылатынбыз. Арамызда көшбасшы сезінетін өзін, ал біз оны көтбасшы етіп алғанымызды қайдан білсін байғұс. Біздің арамыздан ең бірінші бәйбішелі болған да сол еді епті неме, қазір екі жарым адам болып отыр екі бөлмелі пәтерде. Пәтерлеріңнің бөлмесімен бірге адам саныда көбейсін досым… Жалғасы бар… Достарыма жасалған жарнама емес еді бұл, достарымның шынайы келбетін анонимді дима сондай бір түрде жеткізуге тырыстым.
Авторы:
Ispek92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту