Ескі архив · 26.08.2013 15:19

Қарсы алыңыздар - Aragin

КерекИнфоға қалай келдің? Бұрын-соңды бұл сайтты естімегенмін. Бір күні жақын құрбыма жазған дүниелерімді, мақалаларымды өз атыммен жариялауға ұяламын дегенімде, сен керекинфоға лақап атыңмен тіркеліп жариялап тұрсайшы деп кеңес берді. Біраз уақыт сайттағы мақалаларды сырттай оқып жүрдім. Сосын тіркелдім. Керекинфода не ұнайды, не ұнамайды? Сайтта жарияланып тұратын жазбалар ұнайды. Балалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы, жалпы айтқанда бірлігі жарасқан ұжым. Бірақ, бірақ жазған пікірлері кейде тақырыптан ауытқып кететін сияқты. Пікірді орынды қолдансақ жақсы болар еді. Керекке сыннан қорқып көп адамдар кіре алмайды. Жалпы сынды қалай қабылдайсыз? Иә, ең бірінші жазбам шыққанда жазылған пікірлер анайы көрініп сайтқа кірмей кеткенім рас. Сынды қабылдаймын деп кез келген адам айта береді. Жеме-жемге келгенде қазіргі таңда ешкім сынды да, сөзді де көтере алмайды. Себебі бастарынан сөз асырмайды. Сондықтан менде көпшіліктің қатарыннанмын орынды, салмақты сынды ғана көтере аламын. Байлыққа қызығасың ба? Байлық ол-ақша, ақша деген қолдың кірі, бірде бар, бірде жоқ. Сондықтан қызығамын деп айта алмаймын. Ал байлық деген сөзді басқа мағынада алатын болсақ, бұл өмірде барлық адам бай. Себебі, ата-анасы, бауырлары қасында. Соның өзі-байлық. Біз білмейтін, бала кезде қалып қалған қандай өнерлерің бар? Мен екінші сыныптан бастап музыкалық мектептің домбыра сыныбына бардым. Бес жыл оқып тәмамдадым. Қазір өкінішке орай есімде қалғаны он шақты күй ғана))). Домбырамен қатар спорт мектебінда баскетболға қатыстым. Бұл сайтта менің сыныптастарым тіркелген. Олар біледі менің баскетболды қалай ойнайтынымды, деп мақтанып қалайын))))). Болашаққа жоспар құрасың ба, әлде өмірдің ағымымен «Болуы тиіс нәрсе өздігінен болады» деген ұстаныммен жүресің бе? Болашаққа жеке өмірімен байланысты жоспар құрамын деп айта алмаймын, ал жұмыс барысында міндетті түрде. Себебі менің жұмысым бір апта алға жүріп отыру керек). Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып, өзіңмен-өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма? Шынымды айтсам ондай тоқырауға жиі ұшырап тұрамын. Жұмысқа байланысты ұялы телефонымды өшіре алмаймын, бірақ адам баласымен сөйлеспей жатып қалатын сәттер болып тұрады. Ондай жағдайда үйдегілер де, құрбыларым да мазаламайды. Керсінше жатып демалсын дейді). Ер мен әйел дос болуы мүмкін бе? Мүмкін. Себебі, менің ұл балалардан достарым өте көп. Керекинфоның алдағы 5 жылдық ішіндегі болашағын қалай елестетесің? Сайттың ғұмыры ұзақ болсын. Ең бастысы сапасын жоғалпағанымыз жөн. Шет елдегі сайттар секілді кәсіпқой сайт болсын. Солай дейік, солай болатынына сенейік)
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту