Мұсылманның интимді өмірі
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Құрметті оқырмандар! Аллаһ сіздерді мейіріміне бөлесін! Бұл мақаладағы кейбір мәселелер бізге, яғни қазақтарға жат және ұят көрінгенімен, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ ақиқаттан ұялмайды», деген хадисін еске ала отырып, біз осында жұбайлардың интимді, яғни жыныстық қатынасқа байланысты мәселелерге тоқталып өтуді жөн көрдік.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Расында, Аллаһ ақиқаттан ұялмайды. Әйелдеріңмен арты жағы (анал тесігі) арқылы жыныстық қатынасқа түспеңдер!» Ахмад 5/213, Ибн Мажә 1924. Хадис «хасан» (жақсы) дәрежесені жеткен.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Әйеліңмен алдынан да, артынан да жыныстық қатынасқа түссең болады, егер ол жыныстық мүшеге болса» Әт-Тахауи 3/41, Иснады сахих (сенімді), хадистің негізі әл-Бухари және Муслимда да келеді.
Кунилингус, минет рұқсат па?
Қади Әбу Я’ля айтатын: «Әйеліңнің жыныс мүшесін жыныстық қатынасқа дейін сүю рұқсат, бірақ кейін қажетсіз» Қараңыз: «Кашаф әл-кана’». Және бұл сөзді табиғидардан болған, яғни сахабалардың көзін көрген ‘Атадан жеткізетін. Қараңыз: «әл-Инсаф»
Одан басқа ибн Ақил және имам ибн Қудама, олар айтатын: «Күйеуі ұйықтап жатқанында әйелі оның жыныс мүшесін өзіне кіргізуі қажет емес, бірақ ол оны қоздыру үшін ұстап және сүюге болады» Қараңыз: «әл-Икна’» 3/156.
Әйгілі 4 мазхабтың бірінің негізін салушы Имам Маликтен «Күйеуі әйелінің жыныс мүшесін қарай алады ма?» – деп сұрағанда, ол айтты: «Ол тіпті, оны тілімен жаласа да болады» Қараңыз. “Ахкәму ән-назар” 302.
Бірақ Имам ибн Хазм айтты: «Ғұламалардың бір ауыздан келіскені – нәжісті (лас, кір нәрсені) ішу және жеу харам (тыйым салынған)». Қараңыз: «Маратиб әл-ижма’» 39
Нәжістерге келетін болсақ, оған ердің мәзисі (қозу кезінде шығатын сұйықтығы) жатады. Мәниі(спермасы) нәжіс емес. Ал әйелден шығатын сұйықтық нәжіс емес, өйткені Айшаның өзі осындай пікірді ұстанған еді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен жыныстық қатынасқа түскен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) артық ненің нәжіс, ненің нәжіс емес екенін кім білуі мүмкін?! Одан әйелінен шыққан сұйықтық киіміне жағылған ер жайлы сұрағанда, ол айтты: «Бұда тұрған еш нәрсе жоқ». Әд-Дәрими, Ибн Хузәйма 1/142.Иснады сахих. Бұл пікірді Ибн Қудама, Ибн Хәжәр және басқа имамдар ұстанады.
Сонымен барлық нәрсе рұқсат, тек шариғат тыйым салған нәрселерден басқа. Олар үшеу:
1) Хайыз кезіндегі жыныстық қатынас,
2) Әйелдің арты жағы арқылы болатын жыныстық қатынас,
3) Нәжісті жұту.
Ал Аллаһ барлығын жақсырақ білуші!
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Шыңғыс Әбу Салиха
Дереккөз:http://kz.islamic.kz/?p=2587
