Ескі архив · 26.08.2013 11:58

Тілмашқа 120 кеңес

Бұл жолы кеңестер көмекші сөздерге қатысты болмақ. Алып-қосарларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар. I, II III IV V VI. Көмекші сөздер 73. етістік/сын есімдермен қолданылатын қосымша сөздер: Туралы хабарлау — inform (+ Object) OF (on емес)* -ға/-ге, -қа/ке… қосу — include IN (into емес) -ға/-ге, -қа/ке ақша салу — invest IN (into емес) -ға/-ге, -қа/ке… қайшы келу — contradict (contradict to емес) -ға/-ге, -қа/ке… қарсы болу — object TO (against емес) -ға/-ге, -қа/ке… сәйкес келу — correspond TO correspond with = хат алысу) … үшін жарамды — acceptable TO (for емес) … үшін міндетті binding ON (for емес) * Бұл жөнінде ол Сатушыға уақытылы хабарлайды — He shall promptly notify the Seller accordingly/to that effect. 74. Some useful prepositions with nouns: бір нәрсенің себебі — reason FOR something бір нәрсенің тәртібі — procedure FOR (doing) something … туралы/жөніндегі ақпарат — information ON (about емес) … туралы/жөніндегі хабарлама — notice OF (about емес) … қатысты ескерту — comments ON (to емес) … -ға/-ге, -қа/ке қойылатын талап — requirement FOR (to емес) … -ға/-ге, -қа/ке сұраныс — demand FOR something … алдындағы жауапкершілік — liability TO (before емес) … –дан/-ден, -тан/тен, алынатын салық — tax ON (from емес) … –ға/-ге, -қа/-ке мүше болу — membership OF (in емес) ға/-ге, -қа/-ке наразылық — objection TO (against емес) компанияның акциялары — shares IN a company (of емес) нарықта — ON the market (in емес) биржада — ON an exchange (in емес) 75. Ұйымдар мен компаниялар жайлы жазып жатсаңыз “in” емес «at» қолданыңыз: * Теңізшевройлдағы кездесу — meeting at Tengizchevroil * қосымша ақпаратты ТЖ департаментінен алуға болады — further information can be obtained at the Emergency Department * шетелдік филиалдарда жұмыс жасау үшін — to work at branches overseas 76. Банкідегі шот жайлы жазғанда “in” емес «at» (немесе with) қолданамыз: * Қазкоммерцбанкідегі есеп айыру шоты — clearing account at Kazkommertsbank 77. сұрақтар/мәселелер (+ Genitive) — issues/matters relating to (“issues of” емес). 78. per сөзінен кейін тек сол сипаттап тұрған зат есім ғана қойылады: 1 тоннаға — per tonne (“per one tonne” емес) әр тәулікке — per day, немесе for each day (“per each day” емес)
Авторы:
bizbike

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту