Ескі архив · 27.08.2013 19:50

Алғашқы айлығыңды не істедің?

Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді. Туп-тура 27 күннен соң алғашқы айлығын алатыны жайлы да ойламаған еді ол кезде. Сонымен, сол ақшаны да көз көрді, қолыма ұстадым. Мен үшін қомақты сома енді. Мақтанды деп ойласа нәпсілерің білсін, сіздермен бөлісейін дегенім алғашқы айлықтарыңызды қалай және қайда жұмсадыңыздар? Достардың жуу деп айтатыны да белгілі, сіздер қалай жудыңыздар? Ойларыңызбен бөліссеңіздер? Сурет baq.kz-тен алынды.
Авторы:
Ispek92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту