Ескі архив · 27.08.2013 17:55

Керекке логолар ұсынысы. #1

Керекке лого ұсыну науқанымен болашақ жеңімпаздарды құттықтай отырып, аса биік назарларыңызға өз нұсқамды ұсынсам деймін: Түсініктеме: 1. Сол жақтағы қарға — жамандықтың символы, оң жақтағы кептер — жақсылықтың белгісі. Абылай хан — қаззақ. Яки символизм тілінде «Жақсылығы мен жамандығы қатар қаззақсыңдар сендер!» дегім келіп тұр мен! 2. Қарғаның кептерден үлкендеу болуынан — дегенмен, жамандығымыз көптеу деймін мен айдай әлемге. Бұдан, жаңа қолданушылар сайтта Anar70 сияқты типтердің болатынын ұғатын болады. 3. Қазақ хандығының байрағы — сайттың қазақ даласының үш бұрышын қамтып жатқанын білдіреді. 4. Жұлдызшалардың астында тұрған Opel-дің белгісі ештеңе білдірмейді. Логоның принттері кез келген затта анық та қанық көрінетін болады.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту