Қыз күнін аңсамайтын әйел бар ма?
Адам өзі қызық қой, өскенше асығады, өсіп алған соң бала күнін аңсайды.
Қыздар да дәл солай: күйеуге шыққанша асығады дағы, балалы болған соң қыз күнін айтып, аузынан су ағып отырады Жігіттер де сөйтеді, «отвечаю»
Салпы етек, сары қарын әйел болып үлгермесе де, шынымен бойдақ күнді сағынады қыздар. Оның себептерін түгендеп көрейік:
Флирт. Көзіне сүйкімді көрінген жігітке кірпіктерін қағып-қағып жіберіп, жұмсақ қана жымиыспен сызыла қалған кездерін мәәәәз боп отырып еске алады. Қазір олай жасауды ойлаудың өзіне ұялады
Пульт. Аяғын көкке көтеріп қойып, сериалдарын бірінен кейін бірін көре алмай, е күйеуінің футболы да аяқтала салмаған сәттерде точно күйеуге шыққанына өкініп кетеді
Алғашқы сүйіс. Жүрегі кеудесінен шығып кете жаздап, тынысы тарылып, әлем айналып аяғының астында жатқандай сәтті ері де, қызы да ұмытпайды Және сол балғын кездегі алғашқы сүйіс қайта болса екен деп ойлайды
Ұйқы. Түнде де, күндіз де баланың қыңқылынсыз ұйықтаған сәттерді неге ғана бағаламадым деп барлық келіншек ойлайтын шығар.
Еркіндік. Билегің келді ме — құрбыңмен дискотекаға ұштың, тауға шыққың келді ме — досыңа хабарластың, киноға барғың келді ме — әріптестеріңмен кете салдың. Ештеңені де ойлаудың қажеті болмады.
Ұятты оқиғалар. Сәтсіздікке тап болып, «жындылық» жасап қойған, кейін сол әрекеттері үшін ұялып, беті қызарған оқиғалардың бәрін тәтті сезімдермен еске алады. Ол күннің қайталануына да қарсы болмайды
Финанс. Өз ақшаң өзіңде, ешкімге есеп бермей, ешкімге тәуелді болмай, ешкіммен бөліспей, қаржылай тәуелсіз болған кездері көптің иегін кемсеңдетері сөзсіз
Отағасы мен отанасы, сіз өткеннен нені сағынасыз?
