Ескі архив · 31.08.2013 17:24

Қазақ IT үшін

21 ғасырда қай елді болмасын алға сүйрейтін IT саласы екеніне ешкімнің дауы жоқ болар. IT адам өмірінің салаларына енген сайын біз IT-ды жақсы білетіндерден тәуелді болып қала бермекпіз. IT теңеспей өзгемен теңесеміз деу қиын-ақ. Біздің компаниялар, көбі, мемлекеттік тапсырмалармен күн көріп келеді. Одан басқа қазақ IT үшін іс тындырып жатқаны шамалы. Тендерлердің қалай алынатыны жайлы сөз етпейін. Қазақстанда коррупция өршіп тұрғанын бәрі біледі ғой. Сонда да, мемлекет қазынасынан қомақты қаржыға сапасыз қызмет көрсеткен кейбір компаниялардың арты ашылып, заңды түрде жазасын алғанын тілеймін. Себебі, қазына — біз бен сіздің салығыңыз, еліміздің байлығы. Оны қалай болса солай қолдану — қазақ еліне жасалған опасыздық. Бюрократия, коррупция, т.б. елімізде IT бизнесіндегі проблемаларды айта берсе жетерлік, мақсатым мәселенің бір ұшын көрсете келе, соларды шешу жолына өзімнің бір ойымды қосу еді. Құдайға шүкір, қазір ақша көп, қай салаға болмасын қаражат бөлініп жатыр. Мүмкіндіктер көп, жағдайымыз да жаман емес. Бұрын "қолымыз қысқа, елде кризис" деуші едік. Осы шақты бағалай білу керек. Ертең жерасты байлағымыз таусылғанда елде тағы бір кризис болатыны сөзсіз. Сол кезде “Қап, сол кезде неге IT-ды аяққа тұрғызып алмадық?” деп бармақ тістеп қалатын сияқтымыз. Қазір нағыз қимылдайтын, кейбір осал тұстарымызды түбегейлі түзейтін кезең деп білем. Жерден кен шығару сияқты IT-ге үлкен қомақты қаражат бөліп, зауыттар тұрғызып қажет емес. Назарымыз күнделікті күйбең тірліктен босай алса болғаны, әр жерде топ-топ бірігіп, іс тындыра беруге болады. Сонымен, қазақ IT-ін қалай дамытамыз? 1. Үйрену, қуып жету 2. Өнім жасау, сату 3. Бәсекелестікті күшейту Астана қаласында тұратын IT-ге қызығушылығы бар 5 сыныптан жоғары мектеп оқушылары мен студенттерді “SmartDev” ерікті программисттер клубына шақырамыз! Клубтың басты мақсаты — жастар арасында IT білім деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу. Клуб мүшелерінің мүмкіндіктері: 1. Бағдарламалауға үйрену, білімін шыңдау Құдай қаласа, сабақтарға IT саласында көптен бері жасап келе жатқан тәжірибелі программисттер, тимлид, проджект менеджерлер, IT-компания иегерлері, т.б. КазНеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген тұлғалар қатысатын болады. Болашақ тек келесі буында. Сабақтарға іріктеу арқылы өткізілетін болады. Іріктеуден өтпей қалып, бірақ, сонда да үйренгісі келетіндерге тегін консультация беріледі, бірақ, ақылы түрде оқытылады. 2. Бірігіп жобалар жасау, тәжірибе жинау, алмасу Жаңа стартаптар, қазіргі атышулы жобалардың көшірмелерін, т.б. тапсырыс бойынша жобаларды жасап бастаймыз. Өзге де әлемдік ашық жобаларға қатысамыз. 3. Бәсекелестікті күшейту Басқа қалаларда да осындай клубтардың ашылуына көмектесіп, конкурстар, т.с.с іс-шаралар ұйымдастырып, бәсекелестіктің пайда болуына септігімізді тигізбекпіз. 4. Ерікті дегеніміз — кез келген уақытта клубтан шығарылады, шыға алады. Бірақ, барлық код, ерекше келісімдер болмайынша, толықтай “SmartDev”-ке тиісті. Әзірге, ұсынарымыз осы. Байланыс үшін: smartdevkz@mail.ru, немесе жеке сайты Офис ремонты енді бітіп жатыр. Анау айтқандай мықты жер емес, программисттерге болады. Қыркүйек айы адам жинасақ, ай соңы сабақтарды бастаймыз. Іріктеуден өткендерге бәрі тегін, тек өз компьютерімен келуі керек. Клубта жаңалықтар жайлы осында жазып отыратын боламын. Сонымен қатар, мына сұрақтарға жауап тапқым келеді: 1. Қазақ IT-ін дамытып жатыр деп қазір кімдерді айтуға болады? 2. Олар қандай идеяны іске асырып жатыр? 3. Не нәрсеге жетті, нәтижесі қандай? Қоғамдық өмірден алшақтау болғандықтан, әріптестерімнен өзге ешкімді дұрыс білмейді екем. Сырттай болса да танып-біліп жүргендей, біреуге ілесіп, біреуді ерткендей. Өз еркімен клубтың жұмысына ат салысамын деушілерге әрдайым есігіміз ашық. Клубтың демеушілеріне кейңн арнайы тақырып болады деп ойлаймын. P.S: Мамандығым — программист, деңгейім джуниордан сәл ғана асады деп ойлаймын. Сондықтан, жоғарыда пікірлерімде қалыс кеткен жерлер, қателіктер болуы мүмкін. Ақыл-кеңестеріңіз, орынды сыныңыз, пікіріңіз, тілек-қалауыңыз болса, міндетті түрде комменттерде жазуды ұмытпаңыз. Біз үшін ол өте маңызды.
Авторы:
ereke_enu1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту