Мұңайма
Әр нәрсені білуші тек бір Алла
Қиналсаң да мойынсынып мұңайма
Қиындыққа төзе білсең сабырмен
Қуанышы күтіп тұрар сені алда
Бақыт деген жамандық пен
жақсылықтан құралған
Түсінбестен мұңаяды кей адам
Оңай келген бақытыңның сыйы болмас
Тегін келген артығы жоқ тауардан
Бақыт деген болу керек мәңгілік
Жаның жаз, көңіліңде күн жүзіп
Оңай келмес ондай бақыт бірақ та
Жету жолы – сәл сабырлық, мол үміт
