Мүшейра! Жүлде - қолма-қол 10 000 теңге!
«Көзден кеттім» ©monti
"Құлақтан қайтып келдім" ©СаянҮш
Жер-мақанды басып жүргелі неше түрлі әнек естіп жүрміз. Бірақ айтушылар әдетте күлдіреміз деп алып, жылатып қояды. Немесе күлдіруге уәде беріп, өзі күледі. Бірақ "қазір күлесің нақ!" деп алып , шынымен күлдіріп, еркегінің мойын тамырларын шығарып, әйелін варикоз қылып жіберетін әнектер естімеппін.
Тарихи дерек: Анекдот — көне гректердің бұтақтарын салбыратып жүгіріп жүрген замандағы тілдерінен аударғанда — «бұрын естімеген оқиға» дегенді білдіреді
.
Сонымен ашетері — келесідей әнекті іздеп отырмын:
— Еске түскенде Ақордадағы салтанатты күзет сақшысы шетелдік делегацияның көзінше санын құшақтап күлетін;
— «Саған не болды?» деп, оған еңкейген оққағарлар қасына құлай кететін;
— Көзден парлаған жастың сомалық мөлшері 200 мл-ге жететін;
— Құлақ-шеке, көз-мұрындағы тесіктердің барлығынан түрлі сұйықтықтарды толассыз ататын;
— Жақын жердегі трансформаторлардың фарфорлы предохранительдері гүрс етіп жарылып, бактегі майы ылғалданып қалатын;
— Ғаламдық тартылыс күші кенет ауытқып, планеталар шеруі уақытынан ерте басталып кететін әнек.
Жүлде — 10 000 (он мың) қазақ теңгесі. Төлем бірден жіберіледі. Әлбетте, KILYZAMAN , Fox_kz, Anar70 , Aya және сайт әкімшілігі мен оларға сыбайластар қатыстырылмайды.
Әнектер — осы жазбаның астына пікір ретінде қабылданады. Бір қолданушы бірнеше, тіпті бірнеше мың әнек жазса да болады. Қорытынды 2013 жылдың 1 қарашасы(мәңгүрттерге — november деген атпен белгілі айда) күні шығады.
Әділ қазылар алқасы, сырғасы, сақинасы, шолпысы деген формалды құрылымдар атымен жоқ. Қорытындыны тек өзім, яғни Мен ғана (ананың менімен шатастырып алмаңдар нақ!), тек өзіме аян тәсілдермен шығарамын.
P.S. "Әнектің күлкілі болуы — айтылған кездегі көңіл-күйге байланысты ғой!" деген сияқты қырт-пәлсапаларыңмен ластамаңдар нақ! Жәй, әнек жазыңдар, күлейік. Нақ.
