Ескі архив · 09.09.2013 12:28

Рим папасы твиттер оқырмандарын күнәдән тазартуға уәде берді

Католик шіркеуі шіркеу жаңалықтарын теледидар, әлеуметтік желілер және БАҚ-тардан тыңдап, бөлісіп отыратындарға осындай мәлімдеме жасаған болатын. 23-шілдеде Рим папасының Рио де Жанейроға сапарында қатысушылардың күнәсі түгелдей кешіріледі, ал қатыса алмағандарға индульгенцияны твиттер арқылы алуға болады деген-тін. Ватикан өкілі твиттер мен фейсбукқа жәй тіркелу аз, шараға шын жүрегімен тілеулес болуы шарт екендігін айтты. Дәл қазір Рим папасының твиттерінде 2 945 788 оқушысы бар. Ең соңғы жаңаруы 7-қыркүйек. Индульгенция 1614 жылы шіркеу реформаларынан кейін тоқтатылған еді. Соған қарағанда жаңа индульгенцияны қайта қараған ғой?!
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту