Ескі архив · 10.09.2013 17:58

Қызметтестерің тек жігіттер болса...

Әріптестеріңнің арасында әйелдерден гөрі еркектердің басым болғаны қалай өзі… жақсы ма?! Әрине, қыздар өзіне бәсекелестің көп болғанын қаламайды, қай фронтта болса да Сондықтан бірден «жігіттермен „істес“ болған керемет» деп, өре түрегелулеріңіз де мүмкін, қыздар қауымы. Иә, иә, жігіттермен бірге қызмет еткен керемет! Бұл сөзімді қостайтындар да табылады . Өзім бір кабинетте 5 жігіттің ортасында отыратындықтан тәжірбиесі бар адам ретінде аздаған кеңес айтып жіберейін. Алдағы уақытта еркек жыныстылардың арасына топ ете қалғанда тірлікті неден бастарыңызды білмей сасқалақтамас үшін Ең бастысы, жұмыс — жұмыс, әріптес — әріптес болып қалу керек. Жұмыстағы еркектер, жұмыс кеңсесіндегі еркектер — флирт нысаны емес, тек әріптес қана. Егер біреу ұнап жатса да, білдіртпеуге, сездіртпеуге болады. Мұндайлар жұмыстан тыс уақытқа қалу керек . Екіншіден, кілең жігіттердің арасына баратын болғандықтан жұмысқа дұрыс киініп келу керек. Алды тым ашық жейде мен қысқа белдемшеден аулақ болу керек. Ашық тұрған жерлерге еркектің көзі түсіп кете берсе, жұмысын істей алмай қалады . Ең тиімді де, кереметі — іскерлік киім. Үшіншіден, барлық әріптестеріңізбен бірдей қатынаста болыңыз. Олар қылықтарымен сіздің жыныңызды қоздырып, ашуыңызды шақыратын болса да, сабырлылық танытыңыз. Кішкене уақыттан соң үйреніп кетесіз Төртіншіден, макияж жайында Еркектердің арасында екенмін деп, ерінді қып-қызыл қылып, көзді қап-қара қылып бояудың қажеті жоқ. Одан да күндізгі жеңіл макияжға жүгінген жақсы. Бірақ, жұмысқа боянбай, кемшіліктеріңізді жасырмай келіп жүрмеңіздер, әріптестеріңіз шошып жүрер Және ешқандай истерика, айқайдың қажеті жоқ!
Авторы:
aikarakoz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту