Жастық шақтағы қатықтың құмары немесе қатқышбектің бір күні.
Таңғы сағат сегізге таяған уақыт. Тұрей түбіңтүскір деген әжесінің даусы үйдің ішін жаңғыртып жіберді. Іле шала артынан түнімен қаңғып енді жатысын қараш иттің баласының қанша жұмыс күтіп тұр деген сөздер қарша борап жатыр. Оған аса мән бере қойып жатқан Коля жоқ (шын есімі Көлдебайма әйтеу бірдеме, ауылда туғаннан бері адамдар мұны Коля дейді) жатқаным жаңа оятқаны нес деп бір көзін зорға ашып терезеден түсіп тұрған күннің сәулесінен қайтып жұмып ала қойды. Сәлден соң орнынан зорға тұрып үйден шығып ауланың бұрышындағы төбесі жоқ,ішіне кіргенде есігін жіппен тартып байлап онысы сондада жартылай ашық тұратын дәретханаға бет алды. Басы мең-зең түндегі досы қаладан әкелген қатықтың әсері бойынан әлі шықпаған. Осылай ұйқыны сезінбей жүргеніне – де 1 жылдай болып қалыпты. Түнде қатып алып келіп төсегіне құлап көзін жұмған сияқты болады сәлден кейін ғана көзін ашса таң атып қойған немесе тапатал түс. Ұйқының кайфын қатықтың кайфымен алмастырып алған.
Таңғы астан кейін үйдің ұсақ түйек шаруаларын істеп, арасында бүгін кімде бар екен,қайдан аламыз деп жүрген ойлар мазалап өзімен өзі жүргенде көрші үйден шыққан ұрыстың даусына еріксіз құлақ түрді. Дауыс Ринаттың әйелінің даусы әрине күйеуіне айғайлап жатыр. Наркабарон, кайфушник, мұныңды білгенде саған тимейтін едім деген сөздер үйреншікті болып кетседе,құлақ түрсе бүгінгі ұрыстың себебі ерекше сияқты өйткені арасында Ринаттың енесінің және ата-анасыныңда дауыстары естіледі. Ринатты ауылда Рико деп атайды дұрысына келсек Қатқышбек Рико, себебі сонау бозбала кезінен бері шөптің кайфына кіріп шығалмай жүрген майталмандардың бірі. Қорасында ракеткасына 2-3см қалыңдықтағы масла толып қалған водинной аппарат міндетті түрде тұрады. Масла сол күйі тұра бермейді ауылдағы жалғыз барига Нуриктің мөшегі түбіне жеткенде жаңағы масланыңда басына су құйылады. Жә ол маңызды емес кез келген қатқышбектің басында бар жағдай. Жаңағы болып жатқан ұрыс күн ұзаққа созылдыма әйтеуір күні бойғы 2-3 қатықта Рико болмай кешкісін бірақ шықтыда себебін ешкім сұрамай өзі айтып берді. Осыдан бір апта бұрын Рико 2-3досын шақырып алып монша салуға фундаминт құйған болатын. Ал кеше бір жыл бұрын құйып қойған сабан керпішпен қабырғасын жинауға кіріседі өзі жалғыз әлбетте жұмыстың алдында қораға барып будақтатып алады да жұмысқа кіріседі. Басында дым ілмеген сияқты сезінседе думкге түскені сондай салып жатқан моншаның қабырғасын белуарадан көтеріп тастағанын өзіде білмей қалады. Шамалы дем алайын деп шықпақшы болса шығатын орын табалмай айланып жүргенін әйелі көріп қалады. Үйден шыға бере көзіне көрінгені күйеуі есіктің орны қалдырылмаған бүтіндей ортан белден жиналған қабырға және қабырғаны жағалай айланып өзімен өзі жүрген күйеуі. Ұрысқа басты себеп осы. Тоқтап қалғаны соншалықты есіксіз монша салып жатыр. Сөйтіп бәрін күлкіге қарық қылып басқада тақырыптарда әңгімелер айтылып ауылдың шетіндегі иен үйде бір топ жігіттердің отырғанынада біраз уақыт өтіп түннің ортасы болып қалыпты. Ешкімде үн жоқ бәрі өзімен өзі ақыры үйді-үйіне тарауға қозғала бастайды. Коля мен Рикода бірге қайтып бара жатыр аяқтарын зорға басады, жол ұзарып кеткендей бітпейді, еңкейсе жерге қарай тартады, шалқайса артқа қарай денеден тыс бір күш тартады. Ауыздарында тұтатып алған темекі оныда еріксізден шегіп келеді өз өздерін қинап. Сөйлеспейді себебі бірге келе жатсада олар ұйқылы ояу естерін шала біледі немесе екеуі ойларындағы екі әлемде келе жатыр. Ауылдың тыныштығын кенет бұзған иттердің даусынан шумяк ұстап естерін жиғандай болады бірақ санасын билеп алған әлем қайтадан тартып әкетеді. Үйлерінеде таяп қалды Коля үйіне барып бірден жастыққа бас қояды. Ал Риконы төсегінде шыдай алмай аласұрып күтіп жатқан әйелі бар, аяғынан зорға тұрсада барып оның алдындағы міндетін атқару керек.
Содан кейін ғана ұйқыға кетеді. Ертеңіне тағы осылай қайталанады.
Қатықтың құмарында жүрген адамның күндері осылай өтеді.
P.S. Жазбадағы оқиғалар мен аты аталған адамдар толықтай өмірден алынған
