Ескі архив · 14.09.2013 17:25

Флайборд-жаңа экстремалды ермек

2011 жылдың қыркүйегінде аквабайк спортының әлем чемпионы Френки Запата жаңа құрылғыны ойлап тапқан болатын. Бірнеше сынақтардың видеосын Ютубке ілгені сол-ақ екен, экстремалдардың «шатыры кетіп», әлемді арбаған жаңа әуестік пайда болды. Флайборд — гидроциклдың қозғалтқышынан күш алатын су насосы мен сол насос орнатылған тақтайдан тұрады. Құрылғы спортшыға су бетінен 9 метрге дейін көтерілуге, неше түрлі гимнастикалық және акробаттық трюктар жасауға мүмкіндік береді.
Авторы:
Ottegin

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту