Алматы күні: AppleFest'13
Оңтүстік астананың биылғы туған күні ауқымды мәдени-спорттық шараларымен ерекшеленді. Негізгі қоғамдық-мәдени шаралардың бірі 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтті.
Саябақты көрген адам мені қостар — оның территориясы өте үлкен. Халық парктің әр түкпірінде қатар жүріп жатқан бірнеше концерт-фестивальдарға өз қалауы бойынша ұнатқанын көре алады. Өзім көріп үлгерген шаралардан аздап фото материалдар ұсынғым келеді.
Ескерту: Фотосуреттер смартфонға түсірілгендіктен талғампаз фотосүйер қауымнан сапасы үшін кешірім сұраймын.
1. Мен келсем халық саябақтың алдында үйіріліп тұр екен. Биіктеу жерде сахна тұр. Сондықтан ба, бір концертпен шектелетін мейрам саябақ алдында болады деп ойлап қалыппын.
2. 1-2 сағат сыртта күткізіп, біртіндеп саябақ ішіне кіргізе бастады.
3. Негізгі шаралар басталғанша төңіректі түсіріп алдым.
4. Тау жақта жиналып жатқан бұлт кейін мейрамның шырқын бұзады.
5.
6.
7. Жүрек жалғап аламын деушілерге осындай дүңгіршіктер өз қызметтерін ұсынады.
8. Брейк-данс баттл осы сахнада өтеді.
9. Балалар да назардан тыс қалмайды.
10. Брейк-данс баттлға асыққан балалар.
11. Парктің басқа бір бөлігінде концерт жүріп жатты. Айтпақшы бұл жалғыз сахна емес. Саябақ ішінен тағы осы секілді 3-4 сахна көрдім. Әрқайсысының өз бағдарламасы бар.
12. Түрлі шаруа қожалықтарынан келген бағбандар алма фестиваліне қатысады. Алмалар өте дәмді, әрі арзан.
13. Бәрінен бұрын мына үлкен апорттар таңғалдырды
14. Жәрмеңке қатысушыларының бірі
15. Бір бұрыш салауатты өмір салтына арналды
16. Мына көше гимнастикасы — джимбар деп аталады.
17. Трикинг шеберлері де өз өнерлерін көрсетті
18. Трикингші
19. Театрландырылған қойылымға жиналған балалар мәз-мейрам.
Түс мезгілінде аспанды бұл торлап, суық жаңбыр басталып кетті. Мейрамның берекеті кетіп, жұрт үйлеріне тарап жатты.
