Өмір қағидалары. Саша Грей
Маған сұрақ қоярдан бұрын, сол сұрақтарға өздеріңіз жауап беріп көріңіздер.
Маған сеніңіздер, адамдар порножұлдыздарға тек қарау ғана емес, оларды тыңдауға да дайын.
Мен Сакраментода тұрғындары ешқайда талпынбайтын, әрқайсысы өз өмірін тыныш сүріп жатқан, әр тұрғыны өткенге де, болашаққа да сенбейтін қала маңындағы кішкентай ғана қалашықта дүниеге келдім.
Менің ойымша, порноиндустрияда жуық арада барлық салалардағыдай боқтарын жабысып қалып, біршама уақыт табыс әкеле алады-ау деген үмітпен жарға лақтыратын талантсыз мақұлықтардың өлуі басталады.
Эйч-ди форматындағы порноны жек көрем. Егер сенің денеңе май жағылған болса, ол тіптен жиіркенішті. Бұл нашар порнофильмді одан сайын сұрықсыз қылудың жаңа әдісі деп ойлаймын.
Порно қарабайырланып барады: міне камера, міне төсек, міне әйел. Бұтағыңды шығар да камераны қос. Мен порноны өзінің түпкі бастауларына – «Глубокая глотка» (1972 жылғы әйгілі америкалық порнофильм) тектес фильмдерге қайта оралуын қалаймын. Мен порноға көрермен қарап отырып, тігісетін жеріне тез жету үшін айналдыра бермей басынан аяғына дейін қарайтын сюжетін қайтарғым келеді.
Мұны еске алу да біртүрлі, бірақ мен пәктігімнен айналамдағы достарымнан біраз кешірек айрылғанмын.
Ешкім бала кезінен порножұлдыз болуды армандамайды.
Барлық дерлік заманауи порно мен үшін ішпыстырарлық дүние және мені физикалық та, эстетикалық та тұрғыдан қоздырмайды. Міне, сондықтан менің қайбір кездері пенделік фантазияларды қанағаттандыратын затқа айналуыма тура келді.
Сенің қандай фильмдерге түсіп жүргенің маңызды емес – ересектерге арналған фильм бе, әлде киноакадемиктерге арналған фильм бе, бастысы ол саған ләззат сыйлауы керек.
Жұрттың ойынша, порнодағы актрисалар — есірткіге тәуелді, өгей әкесі тарапынан сексуалдық зорлықтың құрбаны, не істеп жүргендерін түсінбейтін, ақша табу білмейтін ақымақ қыздар деп ойлайды. Олар тек осылай ойлап қоя қоймайды, басқалардың да солай ойлағанын қалайды және өз карьераларын жасап, мақсаттарын айқындай білген актрисаларды елемейді. Олардың тарихын ешкім естігісі келмейді, бәріне Линда Лавлейстің тағдыры («Глубокая глотка» фильмінде басты рөлді ойнаған актриса, көлік апатынан қайтыс болды.) ыңғайлы.
Мені жәбір көрген құрбан деп есептейтін адамдар жынымды келтіреді.
Мен актрисамын, мен біреудің қызымын, мен біреудің туысымын және мен біреудің көңілдесімін. Менің бұрынғы өмірім көп адамға ыңғайсыз, бірақ, ол менің қандай адам екенімді білдірмейді. Сондықтан мен ол туралы айтуға қысылмаймын.
Егер сен өзің бақытты болғың келмесе, ештеңе де сені бақытты ете алмайды.
Менің ойымша, әйелдер өздерінің сексуалдылығын көрсетуден ұялудан арылуы тиіс. Егер жігіт: «Кеше мына қызды жақсылап басжвердім» десе, бәрі оны қалыпты күйде қабылдайды. Бірақ, әйел осыған ұқсас бірдеңе айтса, барлығы оны есі ауысқан деп есептейді. Сексті тауар ретінде сатып жүрген Хью Хефнерге бәрі табынып жүр, ал, сол тауар болып саналатын актрисаларды бәрі пырт, жәлап деп есептейді.
Мен сияқтылар адамдарды зорлыққа итермелеп азғындатады дегенді түсінбеймін. Адамдарды зорлыққа итермелейтін мемлекет.
Порно актерларының өз кәсіподағының болмауы алаңдатады. Олар зейнеткерлікке шықпайды деп ойлайсыңдар ма?
Порно жұлдыздар рок жұлдыздарындай емес. Музыканттардан айырмашылығы олар, үнемі дене күтіміне аса мән беруі қажет.
Секске тәуелділік қанша дегенмен ауру. Бірақ, барлығын ысырып тастап, тек соны ғана емдеу қажетті емес.
Секстің күнә екендігі туралы әңгіме басталса, мен жындана бастаймын.
Менің камерасыз жасаған ең шатырсыз әрекетім — өзімнің жігітімді страпонмен басжвердім. Қызық болд, негізі…
Әлемде болып жатқан нәрселердің барлығы – айырбас. Тіпті сен бір нәрсені тегін, өздігінен алдым деп ойласаң да, ерте ме, кеш пе, ол үшін төлеуің қажет болад.
Мен өмірден ештеңе күтпеймін, себебі, осылай өмір сүру ыңғайлырақ.
Атаң пен даңққа дайынмын дегендерге олар ешқашан келмейді.
Дереккөз
