Ескі архив · 16.09.2013 21:29

Таң қалдырған өлең немесе бір сұрағым бар еді...

Естімеген елде көп дегендей, жақында қазақ өлең өнерінің туындыларымен танысуға мәжбүр болдым, мәжбүр деп отырғаным, өлеңге ебедейім жоқ еді. Осыған байланысты бір сұрағым бар: Алтын Заң Жаныма ыстық нұрлы шақ, Мінеки, ашық гүл құшақ. Арайлы таңдай алтын заң, Өзіңмен елім мәңгі шат. Әділет құшып барлығы, Жаңғырды адам тағдыры. Жасай бер, жанға сая боп, Алтын заң-алтын таң нұры. Осы өлеңнің поэзиялық тұрғыдан қаншалықты құндылығы бар, дидактикалық бағалығы бар ма? Пы.Сы. 1-сыныпта "Әліппе серігі" оқу құралында, 5-бетте беріліпті, авторы-Д. Қанатбаев. Оқытушы апай ұлыма үй тапсырмасы ретінде жаттауға беріпті.
Авторы:
Ottegin

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту