Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі
«Бізде шоу-бизнес жоқ, бәрі той бизнеске айналып кеткен © Қазақ қоғамы»
Бізде әупірімдеп, сүйретіліп келе жатқан шоу-бизнес бар. Шоуын қайдам, бизнесін керемет дамытып жатыр…
«Ән мен атақтың жолында күнін де, түнін де қаладан-қалаға жетумен өткізетін жұлдыздарымыз кітап оқи ма екен осы?» — деген ой келеді. Оқитын шығар… ұшақта, пойызда уақыт табуға болады.
Уақыт демекші, жұлдыздарымыз әлеуметтік желілерде өз аккаунтын жүргізуге уақыт тауып жүр. Әсіресе, Twitter әлеуметтік желісінде көп олар, биыл көбейді.
«Біздің жұлдыздар да шетелдік жұлдыздармен иық тіресіп келеді, интернетті пайдаға асыра алады» — деп, марқайып қаламыз. Сосын түңілеміз. Тіпті еңірейміз. Болмаса, күлесіз.
Себебі, жұлдыздардың қолымен жазылған блогтардың арасындағы қызыл ала қате сол тұлғаға деген құрметіңді түбегейлі жойып жібереді.
Интернет – немқұрайлы қарап, қатемен айдақтата беретін дүние емес. Әсіресе, ел алдында жүріп, мыңның назарын аударта алатын өнер адамдарына жат нәрсе. Жұлдыздарымыз байқаусызда қалып кеткен бір үтірдің өзіне ұялу керек. Өздері жаза алмай ма, көмекші жалдасын немесе кітапты көп оқысын. Оқыған, көзі ашық адамдардың арасында бұлай күлкі болғанша, әлеуметтік желіге жоламаған жөн сияқты.
Жә-жә, көп созбайық, іске көшелік…
Біздің шоу-бизнес өкілдеріміз пунктуация жағынан ақсап тұр. Қаратпа сөз, одағай сөз туралы сабақ өту керек сияқты.
Кейбір жұлдыздар сөзді қалай естісе, солай жазып жүр. Қателерден көз сүрінеді. Ұят!
Неге қате, сауатсыз жазатынын сұрағандарға да жауабы дайын, асығыс жаздық, телефоным қазақ әріптерін қабылдамайды. Күшті сылтау негізі, сонда сауатты жазатындарды қайтеміз?!
Бірнеше твитінен мысал келтірейік. Соңғы жазылғандарынан 3-4 твиттін алуға тырыстық.
Асхат Садырбай, журналист:
Жігер Ауыпбаев, Меломен тобының әншісі
Мұқасан Шахзадаев, Нұр-мұқасан тобының әншісі
Азамат Сатыбалды, актер
Айқын, әнші
Алмас Кішкенбаев, әнші
Саят Медеуов, әнші
Алтынай Жорабаева, әнші
Заттыбек, әнші
Ал, енді жазбаларында қатесі көп, жазбалары өте-өте сауатсыз үш жұлдызды атап өтсек:
1. Қанат Әлжаппаров, әртіс
Ерлан Малаев, әнші, актер
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса
Сауатты жұлдыздарымыз бар, өкініштісі олардың қарасы саусақпен санарлық. Олар: Маржан Сұлтанбай, Мөлдір Әуелбекова, Айнұр Тұрсынбай, Нұрболхан Шарапов, Сәкен Майғазиев, Есен Елеукен. т.б
Жұлдыздарды өнерімен ғана емес, сауаттылығымен де бағалайды емес пе ел…
