Керекшілермен таныстығың қалай басталды?
Керекке 2006 жылы келген болатынмын. Сол кезде де өзінше ешкімді қабылдамайтын аудиториясы болды. Сол керекшілермен қалай таныстық:
Асаубота. Бірде Алматыға командировкаға бару керек болып, билет болмай Ақтөбе арқылы кеттім. Содан, ой келді Аршат дегені кім деген. Тел соғып, -Кеатырм, кездесеміз бе?- дегем, ол да ке әрі болмады. Сол күннен бастап Аршатпен виртуалда таныстық, аськада көп сөйлесіп жүрдік. Ақтөбеге пойызға мінерде, күтіп алам деп хабарласқан. Уәдесінде тұрған тек Ақтөбе вокзалы ғана. Аршат кешігіп қалыпты. Составты тупикке алып кетті, басым төртбұрыш (шайдан, уа амиголар)сынып тұр, тел соқтым тағы да.
-Аршат қайдасың?
-Кеатырм!
Қарасам, басына жапсырып киген телпек, күртесінің алды салынбаған, қызыл жемпір, аузында темекі, тартуға уақыты жоқ, тез адымдам кеатыр, темекі сол бықсыған күйінде қыстырулы тұр. Мені байқап қалып: «Сигмасың ба?»- деп ыржиғанда екі елідей боп қалған күл жерге түсті. Осылай таныстық, кейін Ақтөбе акиматының серверныйы, бірақ қатаң болған жоқ. кешке Алматыға мініп кеттім.
Алматыда оптым бір жолата біраз адаммен таныстық Сабах кафесі шатаспасам, «тещин язык» деген жерде шыр айналып адасқаным есімде. Кездесуге келгендер: Гүлвира-ұйымдастырушы, Көңіл ашар, Марьям, Пыңио, Атыраулық Әсет
2007 үздіктерін марапаттау, Атырау, ақ-қара кафесі:
Қырғи. 2007 үздіктерін анықтау басталып кетті сайтымызда. Түгел ат салысып, ұнаған бес адамды рейтингіне қарай жеке хатпен Аршатқа жіберіп отырдық. Ойда жоқта Аршат Атырауға ат басын бұрып, конверт блэк энд уайтта ашылатын болды. Сәл кешігіп келдім, танығаным Аршат болды, амандасып жатырмыз, ол кезде ник атын айтпаса бірімізді танымайтынбыз. Қырғимен сол кездесуде таныстық. Ол сол баяғы өз репертуарында, әр нәрсеге өлең арнап айналасындағыларды күлдіріп отырды. Оқсатып шай іштік, мылжың проффессор мен маратхан келгесін конверт ашылды. Ия, Бекжанмен ресми шара біткесін "қатаң" таныстық.
Сөйтіп күтпеген кездесуде күтпеген тосын сый болды, жылдың үздік жазушысы атандық. Грамота береміз келесіде деп Нұрғиса да Атыраудан көшіп кетті. Кешегі құрылтайда алған грамотадан сол алмаған грамотаның салмағы бірталай үлкен еді, Нұрғиса жақсы бала.
Үш Анар. Анарлармен "қатаң" отырып таныстым, онда да Аршат келген, Маратхан үшеуміз Мерейде отырмыз. Аршат біреулермен сөйлесіп болды да, Анар келед қазір деді.
Бір Анар — томирис, кейін жақсы араласып тұрдық, жоғалтып алғанша. Келесі Анар- Гүлстан, Гүлстан есімде қалмапты, ұят болд. Қатаң деген қатаң ғо. Келесіде танысқанда ұялып қалдым, өзімше білдірмеген болып, танып тұрм дедім. Қашан, қайда екенін айтпайм.
Үшіншісі құрбылары, қайсысынікі екенін білмим, оны да кейін танымай қалдым.
Айтар деген Оралдық айтары көп жігіт болды, соңғы кездері көрінбейді. Бойдақ кезінде Атырау арқылы өтіп тұратын ед. Тіл, дін мәселелері мықты қозғалатын ед қатаң отырғанда.
Алдекен. Алдекенмен Астанада керуенде жиналғанда танысқам. Кейін жинынның салиқалы бөлімі аяқталған соң, Аршаттың ұсынысын қабыл алдық. Әңгіме өрбіп, таныса келе,
— Мен сені бір жерден көрдім, — десем
— Мен де- дит сболыш.
Ептібайымайт КВНшик екен, КНБшник құсап киініп алған. Баяғыда 2004-2005жылдары керекке дейін танысқан екенбіз. Әрине ол кезде қатаң, мүмкін өте қатаң. Себебі біздің Атыраулық Жерұйық командасы келіп, ойын көрсетіп, екі кубоктың бірін біз, бірін Алдекендер ұтқан болатын. Бірі әкім кубогы бірі не екені ұмыттым. Сол кешке бәріміз шығып, сол кубоктарды ақпен толтырып (қымыз, шұбат емес) бір кубоктан ішкен, кубоктас Алдан екен.
Лоламен танысу мына жерде
Әбіләкәммен былай таныстым
Сатыбалдының Атырауға сапары мына жерде
Жалғасы бар… Сендерде жазып отырңдар
